Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) отбасының әрбір мүшелеріне шаққандағы кірісі кедейлік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде көпбалалыларға тағайындалады, яғни өңір бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы (Қарағанды облысы бойынша).
Өтініш берген айдан бастап, ағымдағы тоқсанға, тоқсан сайын тағайындалады.
АӘК мөлшері балаларды қоса алғанда, отбасының барлық мүшелеріне кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы табыс арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркелген (6 айдан кем емес), бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін отбасының әрбір мүшесінің барлық табыс түрлері есепке алынады (АӘК тағайындауға өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған).
Бұдан басқа, АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалар қосымша кепілдендірілген әлеуметтік пакет алады:
1) егер отбасында 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар болған жағдайда, АӘК тағайындау кезінде оларға ай сайын – азық - түлік жиынтығы және тоқсан сайын - гигиеналық құралдар беріледі;
2) егер отбасында 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар болса, АӘК тағайындау кезінде тиісті оқу жылы кезеңінде кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсынылады (ыстық тамақ, қалалық көлікте жол жүру және жылына бір рет мектеп формасы мен керек-жарақтары (кеңсе тауарлары)).
Атаулы әлеуметтік көмек мыналарға:
1) Егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда оның отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылады;
2) АӘК тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға);
3)Материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) Жұмыспен қамту орталығы;
2) кент әкімі;
3)www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ