Хабарлама

Қарағанды облысы бойынша экология департаменті 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ ҚР Экологиялық кодексінің 68-бабының талаптарын орындау үшін, сондай-ақ "Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру "мемлекеттік қызмет көрсету Ережесінің 6-тармағының талаптарын, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің "Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығын (20.08.2021 ж. өзгерістермен) басшылыққа ала отырып, құзыреті шеңберінде қарау және ескертулер мен ұсыныстар беру үшін Сіздің мекен-жайыңызға                «АСТАНА-АВТО-СТРОЙ» ЖШС-ның 05.09.2022 жылғы №KZ19RYS00285015 материалдарымен белгіленген қызмет туралы өтініштің көшірмесін жолдайды.

«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы №130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 22 маусымдағы №231 бұйрығына сәйкес «мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық көрсетілетін қызметті беруші жіберген күннен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласы туралы қорытындыға қатысты өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын ұсынады».

Ұсыныстар мен ескертулерді белгіленген мерзімнен кешіктірмей жолдауды, сондай-ақ a.kelgenova@ecogeo.gov.kz электрондық мекенжайға қайталап жолдауды сұраймыз.

Дата публикации
09 сентября 2022