Қазақстанда ерлер зейнетке 63 жастан шығады. 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы біртіндеп 6 айғаұлғая береді.
2013 жылдың 21 маусымдағы №105-V «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының (одан әрі-Заң) 11 бабының 1 тармағына сәйкес жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындау:
2001 жылғы 1 шiлдеден бастап - ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.
Бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жас 6 ай толғанда;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,6 жасқа толғанда;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,6 жасқа толғанда;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жасқа толғанда жүргізіледі.
2022 жылдың қаңтарынан бастап әйелдер үшін зейнет жасы 60 жас 6 ай құрайды.
Құжаттарды рәсімдеу ушін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына өтініш беру керек. Бұл – жергілікті жерлердегі Халыққа қызмет көрсету орталықтары.
Өтінішті сондай-ақ, электронды үкіметтің egov.kz онлайн-порталы арқылы беруге болады. Ол үшін электронды сандық қолтаңба болу керек (ЭСҚ).
Зейнетақы рәсімдеуге қандай құжаттар қажет:
Егер еңбек өтілін растайтын құжат болмаса, мұрағаттық анықтаманы мен сот шешімін ұсынуға болады
Барлық сұрақтар бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының 1411 бірыңғай байланыс нөміріне қоңырау шалуға болады (Сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін. Қоңырау шалу тегін).
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Балқаш қалалық бөлімі