2022 жылғы 23 маусымда «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Б» корпусы бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссиясының соңғы (бұдан әрі-Комиссия) қорытынды отырысы өтті.
Өткізілген әңгімелесудің нәтижесі бойынша Комиссия бос лауазымға орналасу үшін келесі үміткерге қатысты оң қорытынды қабылдады:
«Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ абаттандыру және коммуналдық шаруашылық секторының бас маманы (санаты E-R-4, 1 бірлік, №5-1-1, А функционалдық блогы) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға Думан Ерланұлы Қасымжановтың кандидатурасы ұсынылды.