Балқаш қаласының әкімдігі «Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі - Банк) желісі бойынша «Шаңырақ» бағыты бойынша 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй – коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуға құжаттар қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Бағдарламаның осы бағыты шеңберінде Балқаш қаласы, 10-шағын ауданы, №№16,17 үйлер мекенжайы бойынша 90 пәтер сатуға жатады.
Тұрғын үй құны бір шаршы метрі үшін 140 000 теңгені құрайды, оның ішінде;
1) 1 тип бір бөлмелі – 30 пәтер;
2) 2 тип екі бөлмелі – 30 пәтер;
3) 3 тип үш бөлмелі – 30 пәтер.
Тұрғын үйді сату шарттары:
Тұрғын үйді сату банк желісі бойынша тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы жүзеге асырылатын болады.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар «Шаңырақ» бағытына қатысушылар бола алады, оның ішінде:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
2) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
3) жасына байланысты зейнеткерлер;
4) кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Әскери қызметке шақырылған кезде бұндай адамдардың жасы әскери қызметті өткеру мерзіміне сәйкес ұзартылады;
5) қандастар;
6) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
7) көп балалы отбасылар;
8) толық емес отбасылар;
9) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.
Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 (алты) ай үшін Еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда) ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,7 еселенген шамасын қоса алғанға дейінгі табысының болуы негіз болып табылады.
Кірістер расталмаған жағдайда әкімдіктер өткізетін кредиттік тұрғын үйді толық құны бойынша (қарызды ресімдемей) сатып алу үшін өз қаражатының (оның ішінде тұрғын үй құрылысы жинақтарының) сомасы болған кезде қатысуға жол беріледі;
3) төлем қабілеттілігін растау;
4) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғынжайға мұқтаж есепке қоюды және тұрғынжайға мұқтаж мәртебесін Растауы қажет.
Үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:
1) пәтердің белгілі бір түріне өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) неке қию/некені бұзу, жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариаландырылған өтініш;
4) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығында тиесілі тұрғын үйінің немесе сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйінің болуы немесе болмауы туралы анықтама; (анықтаманың жарамдылық мерзімі күнтізбелік 10 күн);
5) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-Қамысты тұрғын үйлердің, жатақханалардағы бөлменің үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ осы жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;
6) өтініш берушінің басқа адамдарын отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімі қоса беріледі (қажет болған жағдайда);
7) жалақы туралы анықтама;
8) кезектілік нөмірі немесе бірегей нөмірі көрсетілген тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою туралы мәліметтер (бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте);
9) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-бабында айқындалған санатқа қатынасын растайтын құжаттар қоса беріледі.
Құжаттар Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 5 ғимарат, 10,11 кабинет мекенжайы бойынша 17.06.2022 – 28.06.2022 жыл аралығында сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін (сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен) қабылданады.