Хабарлама

2022 жылғы 7 мамырда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы бойынша республикалық референдум: қалалық референдум комиссиясының міндеттері» тақырыбында қалалық референдум комиссиясының мүшелеріне арналған оқыту семинар-кеңесі өтті. Семинар-кеңеске қатысушылар алдағы референдумға қатысты пікір алмасты, алдағы тестілеудің мүмкін сұрақтарын талқылады.

            2022 жылғы 20 мамырда учаскелік референдум комиссияларының төрағалары мен хатшылары үшін «Республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, референдум туралы заңнама талаптарын сақтау – учаскелік референдум комиссияларының аса маңызды міндеті» тақырыбында семинар өтті. Семинар-кеңесте қала әкімі аппаратының басшысы Р.Қ.Сыздықов сөз сөйлеп, негізгі міндеттерге тоқталды.            21-25 мамыр аралығында учаскелік референдум комиссияларының мүшелері үшін республикалық референдум тақырыбы бойынша 5 кусталық семинарлар өткізілді.            Семинар-кеңестерге қатысушылар тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, пікірлер алмасты.            Семинар-кеңестердің қорытындылары бойынша республикалық референдумды ұйымшылдықпен өткізу, заңдылықты сақтау, учаскелік референдум комиссияларының жұмыстарын жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылданды.

 

         Балқаш қалалық референдум комиссиясы

Дата публикации
25 мая 2022