Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласында көрсетілетін қызметті беру қызметін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы осы Қағидаларға 1, 2 немесе 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы есепке қою туралы куәлікті алу үшін құжаттардың толық топтамасын берген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнына құжаттарды қарайды, есепке қойылған отандық теле-, радиоарналардың тізілімінде бірдей атаудың болуын тексереді, сондай-ақ берілген түбіртекті деректемелердің дұрыс толтырылуы тұрғысында тексереді, қорытындысы бойынша есепке қою туралы куәлікті қалыптастырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.

      Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші есепке қою туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.

      6. Теле-, радиоарнаның меншік иесі ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ атауы өзгерген жағдайларда теле -, радиоарна қайта есепке алуға жатады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қайта есепке алуға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнына құжаттарды қарайды, есепке қойылған отандық теле-, радиоарналардың тізілімінде бірдей атаудың болуын тексереді, сондай-ақ меншік иесі өзгерген жағдайда меншіктің ауысуын/меншік құқығының берілгенін растайтын берілген құжаттардың деректерін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.

      Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қайта есепке алу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасына өтініш берген кезде (егер бұрын берілген отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік қағаз нысанда ресімделген болса) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын қарайды, сондай-ақ берілген түбіртектегі деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.

      Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші куәліктің телнұсқасын не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.

      9. Мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын сол атаумен және сол аумаққа таралатын не оның атауы бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәлік беруі;

      2) өтініштің мазмұны осы Қағидалардың 4-қосымшасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алымның төленбеуі;

      4) меншік иесінің ауысуына орай теле-, радиоарнаны қайта есепке алу туралы өтініште теле-, радиоарнаға меншік құқықтарын басқа тұлғаға беруді растайтын шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;

      5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, атауы (атауының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай теле-, радиоарнаны есепке қоюдың мәлімделуі немесе атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын теле-, радиоарнаның мәлімделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған теле-, радиоарнаның меншік иесінің немесе бас редакторының (редакторының) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш беруі;

      6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің(үкімінің) болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

Дата публикации
30 мая 2022