Бүгін Балқаш қаласы әкімінің қала тұрғындарымен жоспарланған есеп беру кездесулерінің алғашқысы өтті. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес осындай форматта халықпен кездесулер тұрақты негізде, тоқсанына бір реттен кем емес аралықпен өткізілетін болады. Қажет болған жағдайда, қала тұрғындарының талаптары бойынша кездесулер кестесі өзгереді.
Жалпы кездесу сындарлы түрде өтті. Өткен жылғы жұмыс қорытындыларын талқылау барысында 14 тұрғын өз сұрақтары мен ұсыныстарын айтты. Есептік кездесу азаматтарды жеке қабылдаумен аяқталды. 12 балқаштық өздерінің проблемалық мәселелері мен ұсыныстарын осы форматта ұсынды.
Келіп түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, таяудағы 10 күн ішінде барлық проблемалық мәселелерді, іс-қимыл жоспарын және оларды шешу мерзімдерін, сондай-ақ жауапты орындаушыларды көрсете отырып, кездесудің қорытындылары шығарылатын болады.