Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдедік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі: «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (тиесілі еместігін) растайтын ақпарат.
«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ