



Ағымдағы жылдың 10 ақпанында «Дүниежүзілік сайлау күні» облыстық акциясы аясында Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі және ҚР «Халық қаһарманы» Р. Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжініңстуденттерімен «Сенің сайлау құқығың», «Сайлауға және сайлануға Конституциялық құқық» атты кездесулер өтті. Кездесуге жалпы 130 адам қатысты.
Кездесу барысында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы еліміздің сайлау жүйесінің орнығуы мен даму кезеңдері, ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңынын негізгі принциптары туралы ақпарат берді. Содан кейін кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауап алды.
Балқаш қалалық сайлау комиссиясы