«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысын басшылыққа ала отырып, кент халқының пікірін ескеру мақсатында Саяқ кенті көшелерін қайта атау бойынша қоғамдық жиналыс өтетіндігін хабарлаймыз.
1.Советская
2.Вокзальная
3.Геологическая
4.Западная
5.Космонавтов
6.Министерство путей сообщения (МПС)
7.Парковая
8.Степная
9.Школьная
10.Юбилейная
11.Южная
12.Бульвар Горняков
13.Балхашская
Қоғамдық жиналысқа кент тұрғындары, мүдделі мемлекеттік органдары, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері шақырылады.
Қоғамдық жиналыс 2022 жылғы 15 наурыз күні сағат 11.00-де Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Саяқ кенті, Парковая көшесі, 5 мекенжайында орналасқан Саяқ кенті әкімдігінің ғимаратында өтеді.
Анықтама үшін байланыс тел.
8(71036)78070, эл.пошта: sayak_akim2016@mail.ru
Назар аударыңыз! Қатысушыларды тіркеу сағат 10.00-де басталады.
«Саяқ кенті әкімінің аппараты» ММ