


Ағымдағы жылдың 9 ақпанында «Дүниежүзілік сайлау күні» облыстық акция аясында Балқаш көпсалалы колледжі және «Қазақмыс»Корпорациясы» Политехникалық колледжінің студенттерімен «Сенің сайлау құқығың», «Сайлауға және сайлануға Конституциялық құқық» атты кездесулер өтті. Кездесуге жалпы 45 адам қатысты.
Кездесу барысында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы еліміздің сайлау жүйесінің орнығуы мен даму кезеңдері, ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңынын негізгі принциптары туралы ақпарат берді. Содан кейін кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауап алды.
Балқаш қалалық сайлау комиссиясы