Кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 7 ақпанында «Дүниежүзілік сайлау күні» облыстық акциясы аясында қалалық С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназияда              9-11 сынып оқушыларымен кездесу болып, «Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің дамуы» тақырыбына лекция өтті, жалпы саны 90 адам қатысты.

Кездесу барысында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы еліміздің сайлау жүйесінің орнығуы мен даму кезеңдері, ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңынын негізгі принциптары туралы лекция оқыды. Содан кейін кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауап алды.

 

Балқаш қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
08 февраля 2022