Жас сайлаушылармен кездесу

Ағымдағы жылдың 4 ақпанында «Бүкіләлемдік сайлау күні» облыстық акциясы аясында қалалық «Жастар ресурстық орталығында» жас сайлаушылармен екі рет кездесу болып, «Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің дамуы» тақырыбына лекция өтті.

Кездесу барысында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы еліміздің сайлау жүйесінің орнығуы мен даму кезеңдері, ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңынын негізгі принциптары туралы лекция оқып, акцияға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесуге бюджеттік ұйымдардың, бизнес салаларының жас қызметкерлері, жалпы саны 30 адам, сонымен қатар жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Осындай, кездесулер кестеге сәйкес алдағы аптада қаланың мектептерінде және колледждарында жоғарғы сынып оқушылары мен студенттерінің қатысуымен өтетін болады.

 

Балқаш қалалық сайлау комиссиясы  

Дата публикации
04 февраля 2022