Балқаш қаласы бойынша қазіргі уақытта мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға 1806 азамат кезекте тұр, оның ішінде жетім балалар – 219 адам, халықтың әлеуметтік осал топтары - 741 адам, көп балалы отбасылар - 143 адам, мемлекеттік қызметкерлер, бюджет қызметкерлері – 703 адам.
Балқаш қаласы бойынша 2020 жылы барлық қаражат көздері есебінен 14422 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-мен 2021 жылға Балқаш қаласы бойынша жоспар бекітілді:
- барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйді пайдалануға беру – 16034 м2. 16639 м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, жоспар 104 % - ға, өткен жылмен салыстырғанда 115 % - ға орындалды;
- құрылыс жұмыстарының көлемі - 29 366,7 млн.теңге. Орындалғаны - 36 758,046 млн. теңге, жоспардың 129 %.
Бөлімде жұмыстар бекітілген перспективалық жоспарға сәйкес жүргізіледі, онда ағымдағы жұмыстар, оның ішінде салынып жатқан объектілердің сапасына техникалық қадағалау, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, мемлекеттік сатып алуды өткізу көрсетілген. 01.01.2022 жылы бөлімде штаттық кестеге сәйкес бөлім басшысы, екі бас маман, бас бухгалтер және келісім бойынша маман жұмыс істейді.
- «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
2021 жылы «Балқаш қаласының құрылыс бөлімі» ММ бекітілген «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында төмендегі жобаларды іске асырды:
- Кредиттік тұрғын үй салу бағыты бойынша:
- Балқаш қаласында 2020 жылы Балқаш қаласының 10 шағын ауданында 45 пәтерлі №16, 17 тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Бас мердігер – «Балқаш Жібек Жолы» ЖШС. №16 тұрғын үй құрылысының шарттық сомасы 534,056 млн. теңге, №17 тұрғын үй құрылысының шарттық сомасы 540,748 млн. теңгені құрайды. Нысандар 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.
- 2020 жылы Балқаш қаласы, 10 шағын ауданы, 16 және 17 үйлер мекенжайы бойынша орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (әрі қарай ИКИ) құрылысын бастау үшін жергілікті бюджеттен 20,943 млн.теңге бөлініп, игерілді. 2021 жылы құрылысты жалғастыру үшін жергілікті бюджеттен 87,744 млн.теңге бөлінді. Балқаш қаласы, 10 шағын аудан, 16 және 17 үйлер мекенжайы бойынша көп пәтерлі тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салудың шарттық сомасы - 87 697 млн.теңге. Мердігер «Алматыгорсвет2» АҚ. Нысан 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.
- 2021 жылдың сәуір айында 45 пәтерлі №11 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Алайда, жұмыстарды орындау мерзімін бірнеше рет бұзғаны үшін жұмыс шартын бұзу туралы мердігер «Нұр-Құрылыс болашақ» ЖШС-на хабарлама жіберілді. Осы жосықсыз болып шыққан бірінші жеткізушімен келісім-шарт бұзылып, сот процестері жүргіліп жатыр. 05.11.2021 ж. конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша жаңа жеткізуші - Балқаш қ. «Балхашский Казмеханомонтаж» ЖШС анықталды. 505 090,699 мың теңге сомасына 29.11.2021 ж. шарт жасалды. 2021 жылы жұмыстардың 80 % орындалды. Нысанды пайдалануға беру 2022 жылға жоспарланған.
- 2021 жылдың сәуір айында 45 пәтерлі №15 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Алайда, жұмыстарды орындау мерзімін бірнеше рет бұзғаны үшін жұмыс шартын бұзу туралы мердігер «Нұр-Құрылыс болашақ» ЖШС-на хабарлама жіберілді. Осы жосықсыз болып шыққан бірінші жеткізушімен келісім-шарт бұзылды, сот шешімімен жергілікті бюджетке 12,851,4 млн. теңге қайтарылды. Конкурс қорытындысы бойынша 04.10.2021 ж. жаңа жеткізуші – «МСК-Строй корпорациясы» ЖШС анықталды. 555 010,8 мың теңге сомасына 22.10.2021 ж. шарт жасалды. 2021 жылы жұмыстар дың 90 % орындалды. Нысанды пайдалануға беру 2022 жылға жоспарланған.
- 2021 жылы Балқаш қаласы, 10 шағын аудан, 11 және 15 үйлер мекенжайы бойынша көп пәтерлі тұрғын үйлерге ИКИ құрылысы басталды. Мердігер мекеме – «Энергохолдинг LTD» ЖШС. Құрылыс-монтаждау жұмыстары кестеге сәйкес жалғасуда. Нысанды пайдалануға беру 2022 жылға жоспарланған.
- 2020 жылы «Балқаш қаласы, 10 шағын ауданындағы 45 пәтерлік №7,8,9,10 тұрғын үйлердің құрылысына» жоба-сметалық құжаттама (әрі қарай ЖСҚ) әзірлеу басталды. Конкурс рәсімдерінің нәтижесі бойынша жобалаушы «Сартөбе» ЖШС (Шымкент қ.) анықталып, 25,567 млн. теңге сомасына шарт жасалды. Құрылыстың шарттық сомасы-193,424 млн.теңге. Әзірленген ЖСҚ 2021 жылдың соңында сараптама жүргізу мақсатымен тапсырылды.
- Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту бағыты бойынша:
Қарағанды облысы мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы №481 шешімімен бекітілген Балқаш қаласының бас жоспарына сәйкес негізінен жеке тұрғын үй салумен, жалпы ауданы - 256,31 га болатын қаланың шығысына басымдырақ бағытталған. 2021 жылдың соңында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін алу кезегінде – 1337 азамат тіркелді.
Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын орындау, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысын жандандыра отырып, тұрғын үй құрылысы аудандарын қажетті инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылыммен (ИКИ) қамтамасыз ету үшін, Балқаш қаласының №№8-13 шағын аудандарында ИКИ құрылыстары басталған болатын.
«Балқаш қаласының №№8-13 Самал шағын ауданындағы ИКИ дамыту» техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес, аталған ИКИ құрылысы үш кезеңнен тұрады:
- Бірінші кезек (2020-2025 ж.ж.): жеке тұрғын үй салынған/ салынатын жер учаскелері – 360, көп қабатты тұрғын үйлер - 8, әлеуметтік нысандар - 2, мектептер - 1, балабақшалар - 1;
- Екінші кезек (2025-2030 ж.ж.): жеке тұрғын үй салынған/ салынатын жер учаскелері – 347, көп қабатты тұрғын үйлер-52, әлеуметтік нысандар - 18, мектептер - 1, балабақшалар – 4;
- Үшінші кезек (2030-2035 ж.ж.): жеке тұрғын үй салынған/ салынатын жер учаскелері – 132, көп қабатты тұрғын үйлер-35, әлеуметтік нысандар - 31, мектептер – 3, балабақшалар-1.
- «Балқаш қаласының № 8-13 «Самал» шағын ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы» (1 кезек. Құрылыстың III кезегі. Жылу желілері.)» нысаны бойынша Жеткізуші «АзияЭнергоПроект Монтаж» ЖШС. Құрылыстың шарттық сомасы 1006,870 млн.теңге. Жоба бойынша жылу желісінің жалпы ұзындығы - 7,693 шақырым (екі жолда-15,386 шақырым.). 2021 жылы 7,13 шақырым (екі жолда – 14,26 шақырым) орындалды. Нысанды пайдалануға беру 2022 жылға жоспарланған.
- «Балқаш қаласының № 8-13 «Самал» шағын ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы» (1 кезек. Құрылыстың III кезегі. Кәріз, дренаж, байланыс желілері.)» нысаны бойынша Жеткізуші «Колсайстрой» ЖШС. Құрылыстың шарттық сомасы - 685,597 млн.теңге. 2021 жылы кәріз және дренаж құбырлары - 12,9 шақырым салынды, нысанды пайдалануға беру 2022 жылға жоспарланған
- «Балқаш қаласының № 8-13 «Самал» шағын ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы» (1 кезек. Құрылыстың I кезегі. Электрмен жабдықтау желілері.)» нысаны бойынша Жеткізуші «СМФ мехколонна 59» ЖШС. Құрылыстың шарттық сомасы - 605,153 млн.теңге. 2021 жылы КЛ-10 кВ – 4,678 шақырым, ВЛ-0,4 кВ – 4,678 шақырым желісі салынды және 9 ТП (трансформаторлық қосалқы станция) орнатылды. Жетіспейтін бюджет қаражаты уақытылы бөлінген жағдайда, нысанды пайдалануға беру 2022 жылға жоспарланған.
- Жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй салу бағыты бойынша:
- Балқаш қаласы, С. Сейфуллин көшесі мекен-жайы бойынша бір қабатты көппәтерлі № 56 «В» тұрғын үй құрылысы, жалпы ауданы - 236 м2, пәтер саны – 2;
- Балқаш қаласы, 9 ықшам ауданы мекен-жайы бойынша екі қабатты көппәтерлі «Таунхаус» тұрғын үй құрылысы, жалпы ауданы - 1062 м2, пәтерлер саны – 9;
- Балқаш қаласы, Балқаш-1 станциясы мекен-жайы бойынша екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйді қалпына келтіру, жалпы ауданы - 621,5 м2, пәтерлер саны – 12;
- Балқаш қаласы, Қоңырат шағын ауданы, Балқаш көшесі, мекенжайы бойынша бір қабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы, тұрғын үйлердің саны – 3, жалпы аудандары - 611,8 м2, жалпы пәтерлер саны – 6;
- Балқаш қаласы, Қоңырат шағын ауданы, Балқаш көшесі, мекенжайы бойынша бір қабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы, тұрғын үйлердің саны – 3, жалпы аудандары - 627,66 м2, жалпы пәтерлер саны – 6;
- Балқаш қаласы, Қоңырат шағын ауданы, Балқаш көшесі, мекенжайы бойынша бір қабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы, тұрғын үйлердің саны – 3, жалпы аудандары - 631,6 м2, жалпы пәтерлер саны – 6;
Барлығы, 2021 жылы жеке инвестициялар есебінен жалпы сомасы 530,678 млн. теңге сомасында жалпы ауданы 3790,56 м2 болатын 40 пәтер салынып, пайдалануға тапсырылды.
- «Қарағанды облысы Балқаш қаласының туризмді дамыту аймағының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.
Бертіс шығанағы ауданында 2021 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жоқтығы мәселесін шешу үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы (сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау және туризмді дамыту аймағын (жағалауды) абаттандыру 61 гектар алаңында басталды:
II.1 Балқаш қаласының Бертіс шығанағы ауданында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу (электрмен жабдықтау) нысаны бойынша Жеткізуші «Энергохолдинг LTD» ЖШС. Құрылыстың шарттық сомасы-374 929,193 мың теңге. 2021 жылы электр кабельдер - 8,877 шақырым салынды, БКТП 630 Кв (трансформаторлық қосалқы станция) - 3 дана, РП (Тарату қосалқы станциясы) – 1 орнатылды. Жетіспейтін бюджет қаражаты уақытылы бөлінген жағдайда, нысанды пайдалануға беру 2022 жылға жоспарланған.
II.2 Балқаш қаласының Бертіс шығанағы ауданында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу (сумен жабдықтау) нысаны бойынша Жеткізуші «Балқаш Жібек Жолы» ЖШС. Құрылыстың шарттық сомасы-23 056,546 мың теңге. 2021 жылы 1,03 шақырым құбыр тартылды, құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, нысан 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.
II.3 Балқаш қаласының Бертіс шығанағы ауданында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (кәріз және КСС желісі) салу нысаны бойынша Жеткізуші «Балқаш Жібек Жолы» ЖШС. Құрылыстың шарттық сомасы-48 572,486 мың теңге. 2021 жылы 1,245 шақырым құбыр тартылды, 85% жұмыстар орындалды. Жетіспейтін бюджет қаражаты уақытылы бөлінген жағдайда, нысанды пайдалануға беру 2022 жылға жоспарланған.
II.4 Қарағанды облысы, Балқаш қаласының туризмді дамыту аймағын абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу нысаны жобасының сметалық құны - 2 557 721,767 мың теңге. Құрылысты бастау мақсатында, 2021 жылдың соңында «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-не 5 000 000 мың теңге сомасында бюджеттік өтінім тапсырылды.
«Балқаш қаласының
құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысы С. Мусин