«Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

Балқаш қаласы әкімдігінің

2020 жылғы «      »  қаңтардағы

№              қаулысымен

бекітілген

 

«Балқаш қаласы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Балқаш қаласы әкiмдiгінің және әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік басқару және бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 3 үй, пошталық индексі: 100300.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде -  «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде – государственное учреждение «Аппарат акима города Балхаша».
  10. Осы Ереже «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
  • әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.
  1. Міндеттері:
  • қала әкімдігінің және әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
  • қала аумағындағы жағдай туралы қала әкімін уақытында және толық хабардар ету;
  • қала аумағын дамытудың мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкес атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;
  • қала әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау, мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу;
  • Балқаш қаласы әкімінің және әкімдіктің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық, құқықтық және әкімшілік-өкімдік актілердің жобаларын өткізу тәртібін әкімдік Регламентімен белгіленген сақтау;
  • әлеуметтік салада және қоғамдық-саяси қатынастарда атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу;
  • стратегиялық және индикативтік жоспарларды, әлеуметтік-экономикалық дамудың өңірлік бағдарламаларын дайындауды, іске асыруды бақылауды ұйымдастыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте тиімді бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
  • терроризмге және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
  • Балқаш қаласы әкімінің қызметі туралы халықты және жұртшылықты хабардар ету;
  • Балқаш қаласы әкімдігінің, әкімнің және басқа да жоғары тұрған органдардың нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің, хаттамалық шешімдері мен тапсырмаларының орындалу мерзімдеріне бақылауды қамтамасыз ету;
  • қаланың атқарушы органдарының жұмысында жалпы үйлестіру және өзара іс-қимыл жасау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

 

  1. Функциялары:
  • қала аумағында қалалық әлеуметтік-экономикалық дамуға арналған бағдарламаларды әзірлеу, аймақтық және қалалық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету және бақылау арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Қарағанды облысы әкімдігінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарының жүзеге асырылуына қатысады;
  • жоғары тұрған атқарушы органдар берген өкілеттікке сәйкес қала аумағында орналасқан мекемелердің, кәсіпорындардың қызметтерін үйлестіреді,  жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қызметін және өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді;
  • әлеуметтік экономикалық реформаларды жүзеге асыру тактикаларын және механизмдерін жетілдіреді, осы мақсатта қала аумағындағы мемлекеттік мекемелерден ақпаратты сұратуға және  талдау жасауға, әкімнің және қала әкімдігінің кесімдерін әзірлеуге, олардың орындалуын бақылауға, әлеуметтік экономикалық  жағдайды дамыту сұрақтары бойынша ұсыныстар және болжауды қалыптастыру арқылы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығын әзірлеуге қатысады;
  • заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкімет кесімдерінің және Қарағанды облысы әкімдігі және әкімі кесімдерінің орындалуын ұйымдастырып, қамтамасыз етеді, қала әкімдігі және әкімі кесімдерінің орындалуын бақылайды;
  • Қарағанды облысы әкімі аппаратымен, мемлекеттік мекемелермен, ведомстволармен, кенттер әкімдері аппараттарымен, қалалық мәслихатпен, қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді;
  • қала әкімі және оның орынбасарлары өткізетін жиналыстарды, сапарларды, активтерді және де басқа да шараларды ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асырады, қала әкімінің, оның орынбасарларының және қала әкімі аппаратының қызметкерлеріне шаруашылық-қаржылық, материалдық-техникалық, әлеуметтік – тұрмыстық қызмет көрсету сұрақтарын шешеді;
  • қала әкімінің және оның орынбасарларының қызметтерін құжаттамамен қамтамасыз етеді, қызметтік құжаттарды, азаматтардың хаттарын, өтініштері мен арыздарын қарастыру, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау, азаматтардан түскен хаттар мен өтініштерді, құжат айналымын талдау, іс қағаздарын жүргізу, құпия құжаттамамен жұмысты жолға қою және жетілдіру, іс қағаздарын мемлекеттік және орыс тілінде жүргізу;
  • қала әкімінің шешімдерін, өкімдерін және қала әкімдігінің қаулыларын сақтауды қамтамасыз ету;
  • қала әкімінің номенклатурасына енетін мамандар бойынша ұсыныстар енгізу және зерттеуді ұйымдастыру, кадрлар қорын құру, оларды оқытуды, біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау арқылы жергілікті атқару билігіндегі кадрлық саясатты жүргізеді;
  • әкімнің және қала әкімдігінің құқық қорғау органдарымен және сот жүйесіндегі органдармен қаладағы құқықтық тәртіпті және заңдылықты нығайту мәселелері бойынша өзара әрекеттесуін және үйлестіруді қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;
  • Балқаш қаласының әкіміне келісу үшін енгізілетін нормативтік құқықтық және құқықтық актілер жобаларының құқықтық сауаттылығын жүзеге асыру, Балқаш қаласының әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;
  • әзірлеуші "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі болып табылатын Балқаш қаласы әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін әділет органдарында тіркеу, оларды Балқаш қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады;
  • жұмылдыру дайындығы саласындағы іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
  • нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу, сондай-ақ норма шығармашылығы қызметін үйлестіру;
  • Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнама шеңберінде сайлау өткізу мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру дайындығын және өткізуді жүзеге асыру;
  • атқарушы органдардың құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды қамтамасыз ету;
  • жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету;
  • заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

  1. Құқықтары мен міндеттері:
  • жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды, басқа да материалдарды, қала әкімінің және әкімдігінің құзырына жататын сұрақтар бойынша лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктеме сұратуға және алуға;
  • ақпараттық мәліметтердің барлық түрін, сонымен қатар мемлекеттік органдардың қарамағындағы құпия мәліметтерді пайдалануға;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің кесімдерін, Премьер-Министрдің өкімдерін, облыс әкімі және әкімдігі кесімдерінің, қала әкімі және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалуына тексеріс жүргізуге, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар енгізуге;
  • қала әкімі аппараты жүргізетін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуға;
  • қала әкіміне және оның орынбасарларына қала әкімі аппаратының қызметкерлерін, кенттер әкімдері аппараттарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың басшылық құрамын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;
  • қала әкімдігінің отырыстарына қатысуға;
  • жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар қызметкерлерін, кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер өкілдерін қала әкімдігі отырысында қаралатын сұрақтарды дайындауға, қала әкімі аппаратының құзырына жататын мәселелер бойынша сұрақтарды зерттеуге және шешуге тартуға;
  • қала әкімі мен әкімдігінің, қалалық мәслихаттың заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді;
  • қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жоспары әзірлеуінде қатысу және бақылау, жергілікті бюджетті және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
  • қала әкімі мен әкімдігіне есеп беретін атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысын үйлестіру және бақылау;
  • Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент пен Үкімет актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс және қала әкімдері шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының, облыс және қала әкімдігі қаулыларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру, анықталған бұзушылықтарды, олардың орындалмау себептері мен шарттарын жою жөнінде шаралар қабылдау;
  • облыс, аудан әкімдерінің аппараттарымен, облыстық және қалалық мәслихаттармен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
  • Қала әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, құжат айналымын талдау, іс жүргізуді жетілдіру, құпия құжаттармен жұмыс істеу, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізуді қамтамасыз ету;

 

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Балқаш қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
  • қала әкімдігіне қалалық әкім аппаратының Ережесін, құрылымын және штаттық кестесін және ондағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;
  • жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, кент әкімдері аппараттарының құрылымдық жобаларын ұсынады;
  • қала әкімі аппараты бөлімдерінің және басқа да құрылымдық бөлімшелердің қызметтерінің үйлестіруін және жалпы басшылығын жүзеге асырады;
  • аппараттың ішкі еңбек тәртібі ережесін бекітеді, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
  • бұйрықтар шығарады, қала әкімі аппаратының бөлімдері туралы ережені бекітеді;
  • қала жағдайына қатысты кесімдердің және басқа да қызметтік құжаттар жобаларын әкімнің және әкімдіктің бекітуіне ұсынады;
  • Қарағанды облысы әкімі аппаратымен, қалалық мәслихатпен, кенттер әкімдері аппараттарымен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және қозғалыстармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және қала тұрғындарымен тұрақты байланысты қамтамасыз етеді;
  • қала әкімдігінің және әкімнің қабылданған кесімдерінің, қала әкімі және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады және бақылауды қамтамасыз етеді;
  • жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, кенттер әкімдері аппараттарының қызметтерін бағалау жөнінде қала әкіміне ұсыныстар жасайды;
  • қала әкімдігіне және әкіміне қала әкімдігінің және әкімінің заңсыз кесімдерін жою, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар басшыларының заңға қайшы бұйрықтарын тоқтата тұру туралы ұсыныстар жасайды;
  • кадрлық саясаттың жүзеге асуырылуына жауап береді. Қарастыру үшін қала әкіміне кенттер әкімдерін, аппарат бөлімдерінің басшыларын тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныс жасайды, кадрлық резервті қалыптастырады, лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді;
  • қала әкімі аппаратының ерекше көзге түскен қызметкерлерін ынталандыру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;
  • өзінің құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға, сонымен қоса «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің атынан Қазақстан Республикасының соттары талап арыздарына қол қояды;
  • азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдауды жүргізеді;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн объективтi, жан-жақты және уақтылы қарауын қамтамасыз етедi, солардың жауаптарына қол қояды;
  • қала әкімінің тапсырмаларын орындайды;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы және сыбайлас жемқорлықпен қүрес заңнамаларын сақтау жұмыстарын ұйымдастырады және оның әрі қарай жүзеге асыруына дербес жауапкершілікте болады;
  • өзінің құзыреті шегінде қала әкіміне қарастыруға енгізілген және қала әкімдігі отырысында қарастырылатын сұрақтарды әзірлеу және келісу жөнінде кенттер әкімдеріне, қала әкімі аппараты бөлімдерінің басшыларына, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарының басшыларына нұсқаулар мен тапсырмалар береді;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметі кесімдерінің, облыс, қала әкімдіктерінің және әкімдерінің, қала әкімі орынбасарларының тапсырмаларының орындалуы бойынша кенттер әкімдері аппараттарынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан, қала аумағында орналасқан ұйымдар мен кәсіпорындардан ақпарат және есеп беруді сұратады;
  • белгіленген талаптарға және енгізу тәртібіне сәйкес келмеген жағдайда қала әкімдігінің қаулылары және әкімнің өкімдері, шешімдері жобаларын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, кенттер әкімдерінің, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың орындаушыларына іс туралы хаттарын кері қайтарады;
  • "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
  • "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика қағидаларын бұзуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған келісілген шараларды әзірлейді және қабылдайды;
  • "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бюджеттік өтінімін дайындауды, оны әкімге ұсынуды қамтамасыз етеді, ол оны қалалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді, сондай-ақ бюджеттік процестің басқа да рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді.

«Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

 

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
06 сентября 2021