Хабарландыру

«Қарағанды облысы Балқаш қаласының жер қатынастары,  сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ барша жұртшылықты, соның ішінде мүдделі қауымды – «Елді мекеннің шекарасын (шегін) өзгерте отырып, Балқаш қаласының бас жоспарын түзету» атты жұмысы бойынша қоғамдық тыңдаулардың өткізілетінін мәлімдейді.

Қарағанды облысының аумағында короновирустық инфекциясын (COVID 19) жұқтырудың алдын алу бойынша қатаң шектеу шаралары енгізілуіне байланысты сақтық шараларын сақтау мақсатында тыңдаулар онлайн түрінде өтетін болады. Аталған шараға қатысуға ниет білдірген азаматтарды Балқаш қ. әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшалары арқылы Тыңдауларға қосылуды сұраймыз. Қосымша ақпарат алу үшін «Қарағанды облысы Балқаш қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ  8 (71036) 6-63-88 телефоны арқылы хабарласыңыз.

Қоғамдық тыңдаулар 2021 ж. 14  қыркүйек күні, сағат 1100 өтеді.

Қоғамдық тыңдауларын өткізу түрінің (онлайн/тікелей) ықтимал өзгеруі туралы ақпарат халыққа қала әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшалары арқылы жеткізілетін болады.

Жоба әзірлеушісі - «Казгипроград» 1 Жобалау институты ЖШС.

Тел: 8 (727)250-85-67; e-mail: kazgiprograd_1@mail.ru

 

Дата публикации
31 августа 2021