2021 жылдың 25 шілдесінде өткен Балқаш қаласы Гүлшат кенті әкімін сайлаудың қорытындыларын белгілеу және жариялау туралы

2021 жылдың 26 шілдесінде Балқаш қалалық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда «2021 жылдың 25 шілдесінде өткен Балқаш қаласы Гүлшат кентінің әкімін сайлаудың қорытындыларын белгілеу және жариялау туралы» шешім қабылданды.

«2021 жылдың шілдесінде өткен Балқаш қаласы Гүлшат кентінің әкімін сайлаудың қорытындыларын белгілеу және жариялау туралы» қалалық сайлау комиссиясының хатшысы Г.А. Алтынбекова баяндама жасады.

Ол Гүлшат кентінің әкімін сайлау бойынша берілген дауысты санаудың нәтижелері туралы хаттамалар негізінде сайлаушылар тізіміне енгізілген 234 адамнан дауыс беруге 194 сайлаушы қатысқанын хабарлады.

Сайлау бюллетендерінің жалпы санынан жарамсыз деп танылған сайлау бюллетені жоқ.

Дауыс берудің қорытындысы бойынша Балқаш қаласы Гүлшат кентінің әкімі болып Расул Парменұлы Қасенхан сайланды.

Сайлаудың басқа да рәсімдері сияқты дауыс беру де сайлау заңнамасының нормаларына сәйкес өтті, сайлау процесінің  ашықтығы мен жариялылығы қамтамасыз етілді.

Дауыс беру рәсімі мен сайлау қорытындыларын шығаруға жергілікті байқаушылар қатысты.

Сайлау өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы ескеріле отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің барлық қажетті шаралары сақтала отырып өткізілді.

Дата публикации
26 июля 2021