2021 жылдың 5 шілдесінде Балқаш қалалық сайлау комиссиясына ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Балқаш қаласы Гүлшат кентінің әкімдігіне кандидаттыққа «Қазақстан халық партиясы» ҚБ ұсынылған Нурлан Омарович Кокобаевтың тиісті құжаттары тапсырылды.
Балқаш қалалық сайлау комиссиясы Гүлшат кенті әкімдігіне кандидаттың ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында, ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 36 бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұрау салу негізінде белгілейтін болады.
2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Гүлшат кенті әкімін сайлаудың күнтізбелік жоспарына сай кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 9 шілде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі.