Балқаш қалалық сайлау комиссиясына 2021 жылдың 1 шілдесінде ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Балқаш қаласы Гүлшат кентінің әкімдігіне кандидаттыққа өзін-өзі ұсыну тәртібімен Ахметов Алмас Рахимжанович, Молдабеков Самат Бексултанович, «Nur Otan» партиясынан Қасенхан Расул Парменұлы тиісті құжаттарын тапсырды.
Балқаш қалалық сайлау комиссиясы Гүлшат кенті әкімдігіне кандидаттардың ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында, ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 36 бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасындакөзделген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұрау салу негізінде белгілейтін болады.
2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Гүлшат кенті әкімін сайлаудың күнтізбелік жоспарына сай кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі.