Балқаш қаласы кенттері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Қарағанды облысы

Балқаш қалалық сайлау комиссиясының

№1 ҚАУЛЫСЫ

 

 

Балқаш қ.                                                                         25 маусым 2021 жыл

 

 

Балқаш қаласы кенттері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Балқаш қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. 2021 жылғы 25 шілдеге Балқаш қаласында
  • Гүлшат кенті әкімінің сайлауы тағайындалсын.

 

2. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Балқаш қаласы Гүлшат кенті әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін (қосымша берілген).

 

  1. Белгіленсін:

- Әкімдікке кандидатты ұсыну 26 маусымда басталады және 2021 жылдың 9 шілдесінде сағат 18.00-де аяқталады;

- Әкімдікке кандидатты тіркеу 2021 жылғдың 14 шілдесінде сағат                18.00-де аяқталады.

 

  1. 4. Осы қаулы Балқаш қалалық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және қалалық баспасөз құралдарында жариялансын.

 

 

Балқаш қалалық сайлау

комиссиясының төрағасы                                 М. Татибеков           

 

Балқаш қалалық сайлау

комиссиясының хатшысы                                  Г. Алтынбекова

Дата публикации
25 июня 2021