«Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгісі

«Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ

2021 жылғы «____» _____

№ _____басшының бұйрығымен бекітілді

 

«Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ

сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгісі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (әрі қарай - Аппарат) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды жасау бойынша әдістемелік ұсыныстарға сәйкестендіріліп жасалынған және кепілдемелік сипатқа ие құжат.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың жасаушысы Аппарат болып табылады.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қоғамдық қатынастардың оқшауландырылған саласы үшін жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсыныстар жүйесін орнатуға бағытталған.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың жасалуының мақсаты, олар:

1) қоғамдық қатынастардың оқшауландырылған саласында қызмет істейтін тұлғалардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықты мінез-құлықтың жетілуі;

2) сыбайлас жемқорлықтың көріністерін анықтау және олардың кері әсерін болдырмау.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың қағидаттары мыналар:

1) заңдылық;

2) ашықтық;

3) әдептілік;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлықтың көріністерінен қорғау;

5) мүдделердің қайшылығына жол бермеу.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қоғамдық қатынастардың оқшауландырылған саласында қызмет істейтін тұлғалардың орнатылған ережелерді бұлжытпай орындауға және сыбайлас жемқорлықтың көріністерін болдырмауға бағытталған іс-әрекеті мен шешімдерін анықтайды.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың негізінде сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеу бағытында лауазымдық міндеттемелерді орындау бойынша мына жағдайларда жасалатын тікелей іс-әрекеттер жатыр:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде;

2) өз құзіретінің шегінде басқарушылық және басқа да шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде;

3) қандай да бір тіршілік әрекеті саласының ерекшелігіне байланысты басқа қоғамдық маңызы бар қатынастар кезінде;

  1. Қоғамдық қатынастардың оқшауландырылған саласында қызмет істейтін тұлғалардың (іс-әрекеттері) жүріс-тұрысының ережелері.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады;

2) Елдегі Қазақстан халқының бірлігі мен ұлтаралық татулықтың нығаюына себептесу, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарына сыйластықпен қарау;

3) адал ниетті, әділ, қарапайым болып, жалпыға ортақ қоғамдағы әдептілік, мораль нормаларын жеке тұлғалармен және әріптестерімен ұстану, сыпайылық пен әдептілік таныту;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты қабылданатын шешімдердің шынайылығы;

5) өзінің іс-әрекеті мен жүріс-тұрысы арқылы қоғам тарапынан сынға түсуге жол бермеу, сынға түскені үшін қудаламау, конструктивті сынды өзінің қызметіндегі кемшіліктерді жоюға және оны жақсартуға пайдалану;

6) қызметтік жағдайын жеке басының мәселелерін шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметкерлердің және басқа тұлғалардың қызметіне ықпал ету мақсатында пайдаланбау;

7) шындыққа сай келмейтін ақпаратты таратпау;

8) заңда тәртіптік, әкімішілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылу қарастырылған қылықтар мен құқықбұзушылық жасауға жол бермеу;

9) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, күн тәртібі мен еңбек ету жағдайын, сонымен қатар мемлекеттік қызметте болумен байланысты болатын шектеулердің орындалуын қамтамасыз ету;

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді және басқа да рұқсат етілетін функцияларды орындау кезінде:

1) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша шараларды тұрақты түрде қолдану;

2) қызмет көрсетілетіндерге мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді түрде толық және дұрыс ақпарат беру;

3) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде және басқа да рұқсат етілетін функцияларды  орындау кезінде қарастырылмайтын құжаттарды талап етпеу, керісінше бюрократтық сөзбұйдадан қашу;

4) сыбайлас жемқорлықтық құқықбұзушылыққа иілдіру жағдайы туған кезде ол туралы басшылыққа баяндап отыру;

5) мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің тұрақты жетіліп отыруын, мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділікті қамтамасыз ету;

  1. Тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге байланысты мемлекеттік сатып алулар жасау кезінде, лауазымды тұлғаларға келесілер ұсынылады:

1) мемлекеттік сатып алуларға жұмсалатын ақшалай қаражаттарды оңтайлы және тиімді түрде жұмсау;

2) әлеуетті тауар жеткізушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу үдерісіне қатысу үшін, Заңмен қарастырылған жағдайларды алмағанда, тең мүмкіндіктерді ұсыну;

3) мемлекеттік сатып алу үдерісінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;

4) сыбайлас жемқорлықтың болуына жол бермеу;

5) орындау құжаттары бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және Қарызгерлердің бірыңғай тізіміне кірген әлеуетті тауар жеткізуші және (немесе) ол арқылы тартылатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ретінде қатысуға жол бермеу.

  1. Басқарушылық және басқа да шешімдерді қабылдау және даярлау кезінде өзінің құзіреті шегінде:

1) қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүдделер қайшылығы, жеке бастық қызығушылық туындаған кезде, сыбайлас жемқорлыққа немесе сыйлықтар алуға иілдіру болған кезде тікелей немесе өз үстіндегі басшысына хабарлау;

2) қызметтік жағдайын жеке басының мәселелерін шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметкерлердің және басқа тұлғалардың қызметіне ықпал ету мақсатында пайдаланбау;

3) лауазымдық өкілеттіктерін қолдану арқылы мүліктік пайда, игілікті немесе артықшылықты алу мақсатында әріптестеріне, басшыларға және басқа да лауазымды тұлғаларға сыйлықтар бермеу және қызметтен тыс қызмет көрсетпеу;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда, сыбайлас жемқорлықтық құқықбұзушылықтарды ашып көрсетуде белсенділік таныту;

5) оған мәлім болған сыбайлас жемқорлық фактілерін, сонымен қатар құжаттарды тездетіп қарастыру үшін пайда алуға иілдіру жағдайларын немесе қағазбастылық болған кезде басшылыққа шұғыл түрде баяндау;

6) орындауға берілген тапсырманың заңдылығына күмән келген кезде шұғыл түрде тікелей тұрған басшыға жазбаша баяндау;

7) егер тікелей басшының өзі мүдделер қайшылығына қатысы бар болса жоғары тұрған басшылыққа жүгіну;

8) кәсіпкерлік немесе басқа да табыс табуға болатын қызмет түрін жүзеге асыруда жәрдемдесуден тартыну;

  1. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:

1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауда және талқылауда жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету;

2) құрылымдық бөлімшелердің құқықтық актілердің мониторингін жүргізуін және сәйкес есеп берулерді дайындауды үйлестіруді үнемі болып отыруын қамтамасыз ету;

3) нормативтік құқықтық актілердің жасалған жобаларын мүдделі мемлекеттік органдарға мақұлдауға жіберудің алдында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына көпшілік алдында талқылауға орналастыру;

4) нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық факторлары немесе оның белгілері бар нормаларды қолданбау.

  1. Аппараттың қызметкерлерін/ жұмыскерлерін іріктеу және орналастыру бойынша кадрлық жұмысты ұйымдастыру кезінде мыналарды жасау ұсынылады:

1) тағайындау туралы мәліметтерді қарастырудың орнатылған мерзімдерін сақтау;

2) Аппаратқа қызметке/ жұмысқа қабылдау кезінде лауазымды тұлғаларға жүктелетін негізгі міндеттер, тыйымдар мен шектеулер түсіндіріледі;

3) кадрларды іріктеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтау;

4) мемлекеттік қызметкерлердің жеке басының мәліметтері туралы ақпараттың басқа біреулерге негізсіз таратылуына жол бермеу;

5) қызметке/ жұмысқа тұруға үміткерлерден еңбек шартын жасауға ешқандай қатысы жоқ құжаттарды талап етпеу;

6) Аппарат жұмыскерлеріне қатысты қызметтік тексерулерді әділ және жан-жақты жүргізу;

  1. Тіршілік әрекеті саласының өзгешелігіне байланысты туындайтын басқа да қарым-қатынастар кезінде:

1) бағынышты лауазымды тұлғалардың тапсырмалары мен қызметтік өкілеттіктері көлемін нақты және айқын анықтау;

2) бағыныштылықтағы лауазымды тұлғалардың арасындағы еңбек жүктемесі бөлінісінің ауытқымалы болуына жол бермеу;

3) олардың қызметін бағалау кезінде және сонымен қатар ынталандыру және жазалау шараларын қолдану кезінде туралық пен әділдікті ұстану;

4) бағынышты жұмыскерлерге қатысты негізсіз айыптаудың, дөрекілік фактілерінің, адамның қадір-қасиетін кемсітудің, жөнсіз қылықтың, әдепсіз жүріс-тұрыстың болуына жол бермеу;

5) анық орындай алмайтын немесе лауазымдық міндеттерінің шегінен шығатын, сонымен қатар заңнамаға қайшы келетін тапсырмаларды бермеу;

6) қызметтік жағдайды қызметтен тыс мәселелерді шешу кезінде бағынышты жұмыскерлердің қызметіне ықпал ету мақсатында қолданбау;

7) бағынышты жұмыскерлерді сыбайлас жемқорлықтық құқықбұзушылық жасауға мәжбүрлемеу;

8) өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында әріптестерде туындаған мүдделер қайшылығын реттеу бойынша түбегейлі шараларды уақтылы қолдану;

9) мүліктің сақтығын қамтамасыз ету, қызметтік мақсатта меншікті және бұған қоса автокөлік құралдарын пайдалы, тиімді пайдалану;

  1. Аппарат басшысы өзіне бағынышты қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың деңгейін және олардың сыбайлас жемқорлықтық құқықбұзушылық жасауын болдырмауды бақылауда ұстайды және сол үшін жеке басымен жауап береді.
Дата публикации
15 июня 2021