«Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
мемлекеттік тілде – «Балқаш қаласының және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение «Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Балхаш».
қатынастарға тусуге тыйым салынады.
Егер «Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
құқықтары мен міндеттері
1) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық салаларын дамытудың басымдылық аймақтық бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыруға қатысу;
2) қала аумағында кәсіпкерлік қызмет пен ауыл шаруашылықты дамыту үшін жағдайлар жасау;
3) қолданымдағы заңнамаға , мемлекеттік, салалақ (секторлық), аймақтық бағдарламаларға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру және қала тұрғындары қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің өткізуіне жәрдемдесу;
4) қала аумағында мемлекеттік сауда саясатын жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру;
2) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
3) өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтаамасыз ету;
4) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясымен айқындау:
5) сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастыру;
6) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
8) шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері үшін мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру
9) сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету
10) өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыру;
11) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
12) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
13) агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
14) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жургізу;
15) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерін әзірлеу;
16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, күтіп-ұстау мен реконструкциялауды ұйымдастыру;
17) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына беру;
18) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және есептілікті ұсыну;
19) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
1) әкімге немесе қала әкімдігіне кәсіпкерлік және ауылшаруашылық мәселелері бойынша ұсыныс жасауға;
2) өз құзыреті денгейінде мемлекеттік органдарға қала әкімі орынбасарының келісімі бойынша ақпараттық-аналитикалық ақпараттар дайындауға және ұсынуға;
3) қалалық атқарушы билік органдарынан, басқару органдарынан, кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден құзыретіне жататын мәселелерді шешуге қажетті материалдарды белгіленген тәртіпте сұратуға және алуға;
4) әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлар бағасына мониторинг жүргізуге:
5) өзінің құзыреті шегінде қала әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын даярлауға;
6) қала әкімі мен қала орынбасарларының қатысуымен өтетін қала әкімдігі отырысына, жиналыстарға тиісті мәселелер бойынша қатысуға;
7) бөлім құзыретіне жататын сұрақтар бойынша қала әкіміне шешімдер, өкімдер мен ұсыныстар жобаларын ұсынуға, белгіленген тәртіпте жиналыс ұйымдастыру:
8) қала бөлімдері мен мекеме мамандарын жобаны өңдеуге, баяндама, ақпарат әзірлеуге қатыстыруға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуге;
10) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласы бойынша экономикалық жағдайды талдау;
11) қала мекемелерімен кәсіпорындарының негізгі капиталға салған инвестициясын талдау;
12) кәсіпкерлік және ауылшаруашылық жағдайы бойынша ақпараттар, баяндамалар жасау;
13) инновациялық жобаларды енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
14) кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру саясатына қатысу;
15) жаңадан тіркелген кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнес субьектілеріне ақпараттық тәжірибелік көмек көрсету;
16) бөлім құзыретіне кіретін барлық сұрақтар бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік органдармен, басқа ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимыл үйлестіру;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
1) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда «Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін таныстырады;
2) «Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауға жеке жауап береді;
3) қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
4) қызметкерлерді заңнамамен белгіленген тәртіпте тағайындау және босату, тәртіптік жауапкершілікке тарту, марапаттау мәселелерін шешеді:
5) бөлім қызметкерлерімен орындалуы міндетті нұсқаулар береді,қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
6) бюджеттік қаражаттардың нысаналы қолданылуына бақылауды жүзеге асырады;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы, заңнаманы сақтауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды ұйымдастырады;
8) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік ( ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.