Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісі үшін 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.
Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігі конкурсты қайта өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күн өткен соң конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдауды бастайды.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 17 маусымнан бастап 2021 жылдың 1 шілдеге дейінгі аралықта Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 3, 2-і қабат, кабинет №214 мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша беріледі. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға арналған өтінім аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы арқылы түседі. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, одан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні жер комиссиясы түскен жабық конверттерді ашу жолымен (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) конкурстың қорытындысын шығарады.
Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.
Конкурстың өтетін күні, уақыты және орны: конкурс қорытындысы Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 3 үй, мәжіліс залы мекен-жайы бойынша 2021 жылғы 2 шілде сағат 15.00-де шығарылады.