Атаулы әлеуметтік көмек туралы
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) отбасының әрбір мүшелеріне шаққандағы кірісі кедейлік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде көпбалалыларға тағайындалады, яғни өңір бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы (Қарағанды облысы бойынша).
Өтініш берген айдан бастап, ағымдағы тоқсанға, тоқсан сайын тағайындалады.
АӘК мөлшері балаларды қоса алғанда, отбасының барлық мүшелеріне кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы табыс арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркелген (6 айдан кем емес), бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін отбасының әрбір мүшесінің барлық табыс түрлері есепке алынады (АӘК тағайындауға өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған)
Атаулы әлеуметтік көмек мыналарға:
1) Егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда оның отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылады;
2) АӘК тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) ;
3) Материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.
Бұдан басқа, АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалар қосымша кепілдендірілген әлеуметтік пакет алады:
1) егер отбасында 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар болған жағдайда, АӘК тағайындау кезінде оларға ай сайын -азық-түлік жиынтығы және тоқсан сайын - гигиеналық құралдар беріледі;
2) егер отбасында 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар болса, АӘК тағайындау кезінде тиісті оқу жылы кезеңінде кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсынылады (ыстық тамақ, қалалық көлікте жол жүру және жылына бір рет мектеп формасы мен керек-жарақтары (кеңсе тауарлары)).
2021 жылдың 1 наурызынан бастап атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет «Электрондық үкімет» порталы (ЭҮП) арқылы көрсетілуде. Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында АӘК тағайындау үшін өтініш беру ЭҮП арқылы жүзеге асырылады. Егерде, Сізде мемлекеттік қызмет түрлерін ЭҮП арқылы алу үшін үйде компьютерлік оргтехника, интернетке қосылу мүмкіндігі болмаса, онда, Уалиханов көшесі, 5 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де 1-қабатта өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін «Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, Уәлиханов көшесі 5, №13 кабинет мекенжайына немесе 8(71036)65070,44061 телефондары арқылы хабарласуға болады.