Орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтердің сапасы мен ашықтығын арттыру мақсатында, жобалық кеңселермен белгілі бір оң жұмыс атқарылуда, сәйкесінше «тұрмыстық» сыбайлас жемқорлық төмендеді.
Бүгінгі таңда, нақты аналитикалық алдын-алу мәселелерінде осы институттың қосымша резервтерін пайдаланудың уақыты келді деп ойлаймын.
Әсіресе, орталық мемлекеттік органдар мен комитеттердегі кеңселерге назар аударамын.
Бірінші. Жобалық кеңселерінің құзыреті қандай да бір мемлекеттік органның, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімшенің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың барлық қызметін қамтитынын ескере отырып, оларды жүргізуді заңнамада және тәжірибеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауларын үйлестіруші немесе ең болмағанда бірлескен үйлестіруші ретінде айқындау орынды.
Бұл тұрғыда Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 116-тармағы өзекті.
Бұл жерде Білім және ғылым министрлігінің («Адал білім»), Мәдениет және спорт министрлігінің (білім беру мекемелері желісі бойынша), сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (функционал желісі бойынша) жинақтаған тәжірибесін атап өтемін.
Бұл жерде негізі қаланған – бірақ жұмысты жеделдету керек.
Сіздер (куратор) мен жобалық кеңсе мүшелерінен басқа, осы мәселелер бойынша толық ақпаратқа кім ие!?.
Екінші. Қысқаша, сыртқы талдаулардың ұсыныстарына тоқталсам.
Бұл үдерісте әріптес-мемлекеттік қызметшілер үшін Сіздердің көмектеріңізге баға жетпес болады.
Экология министрлігіндегі жобалық кеңсені атап өту орынды.
Үшінші. Осыған байланысты жобалық кеңселерінің құзыретіне мемлекеттік функцияларды, оның ішінде БАҚ-та және әлеуметтік желілерде іске асыру бойынша қалыптасқан жағдайды мониторингтеу жатады.
Бұл бағыт сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг үшін тақырыптарды айқындауға айтарлықтай көмек көрсетеді.
Бизнес-процестерді оңтайландыру бойынша азаматтардың ұсыныстарына мен өтініштеріне талдау жүргізуді анықтау мүмкін. Бұл тағы да ішкі талдауларға қатысты.
Бүгін сіздер азаматтар мен кәсіпкерлердің мәселелерін әділ шешудің жаршысы ретінде алдыңғы қатарда тұрсыздар.
Сіздердің қызметтеріңізді сүйемелдеу үшін сараптамалық кеңестер құрылып, олардың құрамына қоғам, бизнес қауымдастық, БАҚ өкілдері және басқа да стейкхолдерлер кірді.
Сондай-ақ, азаматтардың заңды мұқтаждарын (құқықтары мен мүдделерін) жедел шешу мәселелерінде Сіздерде біздің Агенттіктің қолдауы бар.
Транспаренси Қазақстан қоғамдық қорымен жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың негізінде, азаматтардың сынына неғұрлым жиі ұшырайтын салаларда, мекемелер мен ұйымдарда қалыптасқан теріс көзқарасты реттеуге әрекет ету.
Жобалық кеңселерге осындай құзыреттілікті бекітудің ықтимал мәселелерін талқылап, оларды шешу жолдарын айқындау қажет деп санаймын.
Біз өз кезегімізде, (превенция бөлімшелері) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың бизнес-процестерін оңтайландыру және ішкі талдау жүргізу тәсілдерін қайта қарау бойынша Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау аясында жобалық кеңселердің әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалана аламыз.