«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидалары

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы қалалық кезеңі (бұдан әрі – конкурс) өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштер ағымдағы жылдың 15 мамыр мен 15 маусым аралығында Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі, Уалиханова көшесі 3,  №112-ші кабинетінде қабылданады және 8 (71036) 4-19-20, 4-50-33 телефондары арқылы толық ақпарат ала аласыздар.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;

2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;

4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

  1. Конкурсқа өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар (бұдан әрі – үміткерлер) қатысады.
  2. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.
  3. Мыналар:

1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;

2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.

 

2-тарау. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі

 

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар болып конкурстың ұйымдастырушылары табылады.

Ұйымдастыру комитетінің міндеттеріне мыналар жатады:

1) конкурстың басталуы туралы көпшілікке жариялау;

4) конкурсты өткізудің барлық кезеңдерін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

6) конкурс лауреаттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімін ұйымдастыру және өткізу.

  1. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабар бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жыл сайын 15 мамырдан кешіктірілмей жарияланады.
  2. Конкурс екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана).
  3. Жергілікті атқарушы органдар «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурстың (бұдан әрі – комиссия) жеңімпаздарын анықтау бойынша облыстарда, қалаларда, аудандарда мүдделі мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғалар, қоғам қайраткерлері мен өткен жылдардағы конкурс лауреаттары арасынан комиссия құрады, сондай-ақ ол туралы ережені, іріктеу өлшемшарттарын және конкурсты өткізу форматын бекітеді.
  4. Конкурсқа қатысуға өтінім (осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша) аудандық (қалалық) комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде мынадай құжаттар қоса беріле отырып, қағаз және (немесе) электрондық нұсқада беріледі:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);  

5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);

7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;

9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.

Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін үміткерлер ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.

Қалалық комиссия құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасына қайтарады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді қайта береді.

  1. Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
  2. Қалалық комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
  3. Ұйымдастырушылар:

1) барлық үміткерлерге тең жағдайды және оларды іріктеу ашықтығын;

2) жеке құпия болып табылатын ақпараттың жасырын болуын;

3) конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің ресми жарияланатын күнінен бұрын таралып кетпеуін қамтамасыз етеді.

  1. Комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алады:

1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы визит карточкасы — таныстыру рәсімі);

2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;

3) отбасының рухани-адамгершілік кұндылықтары;

4) балаларының және немерелерінің жетістіктері (бар болса);

5) ата-аналарының үлгі тұтарлықтай жетістіктері;

6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерін саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);

7) отбасының дарындары;

8) отбасының өмір сүру салты (саламатты өмір салты, бос уақыты);

9) қоғамдық-пайдалы қызметке (волонтерлікке, қайырымдылыққа, меценаттыққа) қатысуы;

10) жетім балаларға қамқоршылық, тәлімгерлік.

  1. Комиссияның әрбір мүшесі үміткерлерді балдық жүйе бойынша бағалайды (1-ден 10-ға дейін).

Өлшемшарттардың бірі бойынша ақпарат болмаған жағдайда, аталған өлшемшарт бағаланбайды.

Ең көп балл жинаған отбасы конкурстың келесі кезеңіне өтеді.

Балдардың жалпы саны тең болған жағдайда, түпкілікті шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

  1. Мүдделер қақтығысы болған жағдайда, комиссия мүшесі бұл туралы комиссияны хабардар етеді және дауыс беруді өткізуге жіберілмейді.
  2. Қалалық кезең жеңімпаз отбасылары «Мерейлі отбасы» лауреаты атағы, диплом және сыйлықтар беріледі.
  3. Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі жыл сайын салтанатты түрде өткізіледі.
  4. Конкурсқа қатысушылар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушылардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
  5. Конкурс лауреаты атағы қайталап берілмейді.

 

 

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған

өтінім

 

  1. Отбасы құрамы:

 

Р\с №

 

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туыстық дәрежесі

Туған күні (күні, айы, жылы)

Жұмыс, оқу орны, қызмет түрі, лауазымы

Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Отбасылық өмір тәжірибесі _____________________________________
  2. Отбасы тарихын сипаттау (отбасылық дәстүрлер, құндылықтар, отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері) ______________________
  3. Отбасы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, еңбектегі, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми, қоғамдық пайдалы (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қызметтегі отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) жетістіктері: ____________________________________________________________
  4. Наградалардың, сыйақылардың болуы (грамоталардың, алғыс хаттардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелерін қоса бере отырып) _____________________________________________________________
  5. Отбасы мүшелерінің қоғамдық қызметін көрсететін әлеуметтік желілердегі аккаунтқа сілтеме (бар болса) ____________________________________________________________________
  6. Отбасылық фотосуреттер (электрондық нұсқасымен бірге 5 данадан аспайтын)
  7. Отбасының таныстыратын (ұзақтығы 2 минуттан аспайтын) бейнеролик
  8. Өзге де құжаттар ___________________________________________

 

Қолы __________

 

Күні __________

Дата публикации
11 мая 2021