Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, сондай-ақ карантин режимін қамтамасыз ету бойынша жедел штаб отырысының 2020 жылдың 22 мамырындағы №41 хаттамасы негізінде, келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
- Қала аумағында карантиндік шараларды қамтамасыз ету жөніндегі мобильдік топтың (бұдан әрі - мобильдік топ) құрамы осы өкімнің №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Қарағанды облысы өңірлік жедел штабы 2021 жылдың 09 наурызындағы №10 хаттамалық тапсырмасының 1.5. тармағын орындау мақсатында мобильдік топтың жаңа құрамында бекітілген мамандарды негізгі міндеттерін орындаудан босатылсын.
- Осы өкімнің №2 қосымшасына сәйкес автокөліктер бекітілсін және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етілсін.
- Мобильдік топтың жұмысын үйлестіруге жауапты болып «Балқаш қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы Ерслан Қанатұлы Зияда белгіленсін.
- Осы өкімнің орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімі аппаратының басшысы Руслан Косемгалиевич Сыздыковке жүктелсін.