Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) өткізу шарттарының өзгергені туралы хабарландыру

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) өткізу шарттарының өзгергені туралы хабарландыру

 

Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар! «Балқаш қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ тізімі 2021 жылғы 26 наурызда «Балқаш өңірі» газетінде тізімі жарияланған жер учаскелерін сату және жер учаскелеріне жалға алу құқығы бойынша аукцион өткізу шарттарының өзгергені туралы хабарлайды, атап айтқанда:

Уәкілетті мемлекеттік органдарға байланысты емес техникалық себептер бойынша жер учаскелерін және жер учаскелеріне жалдау құқығын сату бойынша аукцион 2021 жылғы 9 сәуірде сағат 17:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) Балқаш қаласы әкімдігінің ғимаратында (Уәлиханов көшесі, 5, 3 қабат, №1 кабинет) өтеді.

 

Аукционға қатысушылар  кепілдік жарна салуы қажет. Қатысушылар қаншама мөлшерде кепілдік жарна салуға құқылы, бұл ретте бір кепілдік жарна тек бір жер  учаскесін немесе жалға алу құқығына сатып алуға құқық береді.Кепілдік жарна қатысушы атынан басқа қалай да жеке немесе заңды тұлғалармен салуға болады.

           Келісім шартқа қол қойған күннен бастап сатып алу төлемі келесі тәртіппен жүргізіледі:

1) бес күн ішінде елу пайыз көлемінде аванс төлемі;

2) сатып алу келісім шартқа қол қойған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспай қалған соммасы енгізіледі;

          Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін келесіні ұсыну қажет:

1) аукционға қатысу өтініші (формамен);

2) төлем құжаты, кепіл жарнасын енгізгенін дәлелі;

3) өкілдің өкілеттігін дәлелдейтін құ

жат.

         Аукционға қатысу өтініші, Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, №5 үй, 3-ші қабат, №1 кабинетте әрі күні сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін (13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс) қабылданады. Ақпарат телефоны 4-91-83.

       «Электронды үкімет» шлюз арқылы электронды түрде де өтініш беріледі.

Аукцион қатысушыларын тіркеу хабарлама берілген күннен бастап және аукцион басталғанға жиырма төрт сағат қалғанға дейін жүргізіледі.

        Берілген жер учаскелері және маңайдағы аумақ санитарлық және экологиялық нормаларға сәйкес ұсталсын.

       Сауда өткізу әдісі – ағылшынша.

Дата публикации
01 апреля 2021