ХАБАРЛАМА
Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісі үшін 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.
Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігі конкурсты өткізу туралы хабарлама алғаш рет жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдауды бастайды.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 30 сәуірден бастап 2021 жылдың 25 мамырға дейінгі аралықта Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 3, 2-қабат, №214 кабинет, мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша беріледі. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға арналған өтінім аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы арқылы түседі. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, одан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні жер комиссиясы түскен жабық конверттерді ашу жолымен (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) конкурстың қорытындысын шығарады.
Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.
Конкурстың өтетін күні, уақыты және орны: конкурс қорытындысы Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 3 үй, 2 қабат, №217 кабинет, мәжіліс залы мекен-жайы бойынша 2021 жылғы 26 мамырда сағат 15.00-де шығарылады.
Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі:
|
№ |
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Мөлшерленген орташа бонитет баллы
|
Ауданы, га |
Жалға алу мерзімі, жыл |
|
1 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі |
Балқаш қ., Балықтыкөл аймағы, Саяқ кентінен 30 км. және Қарақұмнан 21 км. |
16 |
200 |
5 |
|
2 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі |
Балқаш қ., Шығыс Қоңырат кенті аймағында |
4 |
1000 |
5 |
|
3 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі |
Балқаш қ., Саяқ кентінен солтүстік-батысқа қарай, «Бірқара» таулары аймағында |
9 |
1550 |
5 |
|
4 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі |
Балқаш қ., «Ащы-өзек» стансасынан солтүстікке қарай |
8 |
2000 |
5 |
|
5 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі |
Балқаш қ., Қоңырат ықшам ауданынан солтүстік-шығысқа қарай |
5 |
1000 |
5 |
|
6 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі |
Балқаш қ., Тоқсымақ зираты аймағында |
6 |
1200 |
5 |
|
7 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі |
Балқаш қ., Саяқ кентінен солтүстік-батысқа қарай |
6 |
2000 |
5 |
|
8 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі |
Балқаш қ., Саяқ кентінен батысқа қарай |
11 |
1000 |
5 |
|
9 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі |
Балқаш қ., «Ащы-өзек» стансасынан шығысқа қарай |
14 |
600 |
5 |
|
10 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі |
Балқаш қ., Шығыс Қоңырат кентінен солтүстік-шығысқа қарай |
5 |
50 |
5 |
|
11 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі |
Балқаш қ., Шығыс Қоңырат кенті аймағында |
4 |
900 |
5 |
|
12 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі |
г.Балхаш, Саяқ кентінен 23 км. оңтүстікке қарай |
8 |
2000 |
5 |
|
13 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі |
Балқаш қаласы, бұрынғы Шығыс Қоңырат кеніші ауданында |
5 |
2000 |
5 |
|
14 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі |
Балқаш қаласы, Балқаш қаласынан 5 км шығысқа қарай |
5 |
1000 |
10 |
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс.
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «жылғы __________»_____ » дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарынан алуға болады www.balkhash.gov.kz немесе тел.: 8(71036)41059 «Балқаш қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.