Балқаш қалалық мәслихатының бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени дамуы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясындағы Балқаш қаласының Ленин және Абай көшелерін қайта атау мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар қорытындысы туралы ХАТТАМА

Балқаш қалалық мәслихатының бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы,  әлеуметтік-мәдени дамуы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясындағы

Балқаш қаласының Ленин және Абай көшелерін қайта атау мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар қорытындысы туралы

ХАТТАМА

 

Балқаш қаласы                                                      2021 жылғы   17 наурыз

                                                                                сағат 12.00

                                                                                 

Көпшілік тыңдаулар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы           24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 Қаулысының 2-тарауы,                  5-тармағына сәйкес тағайындалады және өтеді, тиісті аумақ халқының пікірі мәслихаттың тұрақты комиссиясының  өткізілген көпшілік тыңдауларының негізінде ескеріліп, хаттамамен ресімделеді.

 

Көпшілік тыңдаулардың ұйымдастырушысы: Балқаш қалалық мәслихатының бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы,  әлеуметтік-мәдени дамуы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясы.

 

Көпшілік  тыңдауларды өткізу туралы ресми жариялау: 2021 жылғы 12 наурыздағы №21 (13008) «Balqash óńiri» газеті, 2021 жылғы                               12 наурыздағы №21 (2005) «Северное Прибалхашье» газеті, Балқаш қаласы әкімдігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-balkhash/documents/details/144142?directionId=7733&lang=kk, Балқаш қалалық мәслихатының  http://maslixat-balkhash.gov.kz/  интернет-ресурстары.

 

Көпшілік  тыңдауларды өткізу күні:  2021 жылғы 17 наурыз.

Көпшілік  тыңдауларды өткізу орны:  Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № 7-Қ қаулысына  және Балқаш қаласының аумағында карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты көпшілік тыңдаулары қатысушылары қала бойынша 10-ға дейін адаммен  7 залға жиналған:

  1. М.Хамзин атындағы мәдениет сарайы (Ленин көшесі, 32) 5 зал:
  • Үлкен зал – 10 адам;
  • «Ақ отау» залы – 9 адам;
  • «Патриотика» залы – 9 адам;
  • «Рухани жаңғыру» жастар коворкинг орталығы – 9 адам;
  • «Алем Синема» кинотеатры – 9 адам
  1. ФОК (Қараменде би көшесі, 31г ) 1 зал - 9 адам.
  2. «Металлург» стадионы (Сейфуллин көшесі, 6) 1 зал - 9 адам.

Барлығы: 7 зал.  Жалпы адам саны – 64 адам.

Сонымен қатар «ZOOM» платформасына сілтеме арқылы көпшілік тыңдауларына 200 қала тұрғыны қатысты.

Және күшейтілген карантин режиміне байланысты залдарда орын шектеулі болғандықтан, кіре алмаған тұрғындарға дауыс беру парақтары  таратылып, дауыс беру мүмкіндігіне ие болды.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. Балқаш қаласының Ленин көшесін Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың құрметіне Абай көшесі деп қайта атау;
  2. Балқаш қаласының Абай көшесін Ынтымақ көшесі деп қайта атау.

 

Тыңдалды: «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Жанар Сагатбековна Балапанова.

 

Балқаш қаласының құрамдас бөліктерін  қайта атау бойынша дауыс беру:

 

 Балқаш  қаласының Ленин көшесін Абай көшесі деп қайта атау мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары көпшілік тыңдаулар барысында келесідей болды:

Залдар бойынша – 64 адам:

«қолдады» - 62;

«қарсы» - 2;

«қалыс қалды» - 0.

 

«ZOOM» платформасымен қосылғандар  – 200 адам:

«қолдады» - 191;

«қарсы» - 9;

«қалыс қалды» - 0.

 

Дауыс беру парағымен  дауыс бергендер – 66 адам:

«қолдады» - 64;

«қарсы» - 2;

«қалыс қалды» - 0.

 

Жалпы дауыс бергендер саны – 330 адам:

«қолдады» - 317;

«қарсы» - 13;

«қалыс қалды» - 0.

 

 

Балқаш қаласының Абай көшесін Ынтымақ көшесі деп қайта атау мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары көпшілік тыңдаулар барысында келесідей болды:

Залдар бойынша – 64 адам:

«қолдады» - 62;

«қарсы» - 2;

«қалыс қалды» - 0.

 

«ZOOM» платформасымен қосылғандар  – 200 адам:

«қолдады» - 196;

«қарсы» - 4;

«қалыс қалды» - 0.

 

Дауыс беру парағымен дауыс бергендер – 60 адам:

«қолдады» - 59;

«қарсы» - 1;

«қалыс қалды» - 0.

 

Жалпы дауыс бергендер саны – 324 адам:

«қолдады» - 317;

«қарсы» - 7;

«қалыс қалды» - 0.

 

Балқаш қалалық мәслихатының бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы,  әлеуметтік-мәдени дамуы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Балқаш қаласының Ленин көшесін Абай көшесі деп қайта атау қатысып отырған тұрғындардың көпшілік дауысымен мақұлданды.
  2. Балқаш қаласының Абай көшесін Ынтымақ көшесі деп қайта атау қатысып отырған тұрғындардың көпшілік дауысымен мақұлданды.
  3. Балқаш қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының хаттамасы жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылсын және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

Балқаш қалалық мәслихатының

бюджет, экономика, заңдылық

және азамат құқығы,  әлеуметтік-

мәдени дамуы және халықты

әлеуметтік қорғау жөніндегі

тұрақты комиссиясының  төрағасы                                         Пшенбаев    С.Р.                                   

Дата публикации
18 марта 2021