«Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану Қағидасы

қаулысымен бекітілген

 

 

«Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану Қағидасы

 

 

  1. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Аппарат) мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану Қағидасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 35-бабына сәйкес әзірленді және Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін айқындайды.
  2. Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне келесі көтермелеулер қолданылады:

1) біржолғы ақшалай сыйақы;

2) алғыс жариялау;

3) грамотамен марапаттау;

4) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.

  1. Нақ сол ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге бір ғана көтермелеу қолданылады.
  2. Аппараттың мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар тапсырмаларды орындағаны үшін және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленеді.
  3. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу құрамы Балқаш қаласының әкімімен бекітілетін комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) шешімі негізінде жүргізіледі.
  4. Аппараттың мемлекеттік қызметшілері қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі үшін ай сайын бір жолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.

Осы тармақта көзделген біржолғы ақшалай сыйақы төлемі Аппараттың бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспары бойынша қаржыны үнемдеу жолымен жүзеге асырылады.

  1. Ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар міндеттерді орындағаны және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша Аппараттың мемлекеттік қызметшілері комиссия ұсынымдары негізінде Балқаш қаласы әкімінің өкімімен біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.
  2. Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, қызметте жоғары нәтижеге қол жеткізгені, аса маңызды міндеттерді шешуге қосқан жеке үлесі үшін Аппараттың мемлекеттік қызметшілері Балқаш қаласы әкімінің грамотасымен марапатталады.
  3. Мемлекеттік қызметшілерге ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, Аппарат басшылығының тапсырмаларын тиісті және адал атқарғаны үшін Қала әкімінің алғысы жарияланады.

Қала әкімінің грамотасымен және алғысын жариялаумен көтермелеу туралы шешімді Комиссия қабылдайды және Балқаш қаласы әкімінің өкімімен жүргізіледі.

  1. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін Балқаш қаласы әкімінің грамотасымен және алғысын жариялаумен көтермеленуді есепке алуды Аппараттың персоналды басқару қызметі мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына деректерді енгізе отырып жүргізеді.
  2. 11. Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеудің өзге нысандары Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қолданылады.
  3. 12. Мемлекеттік қызметшілер көтермелеуге жатпайды:
  • тәртіптік жазалары алынбаған;
  • сынақ мерзімін өтеу кезеңінде;
  • «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері оларға қатысты ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы тексеру жүргізуі кезеңінде;
  •  Аппаратта бір айдан кем жұмыс істегендер.

 

Дата публикации
27 июля 2020