Балқаш қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 10/01 «2020 жылға арналған Балқаш қаласы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы бір тәрбиеленушіге есептегенде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Балқаш қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы

№ 10/01 «2020 жылға арналған Балқаш қаласы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы бір тәрбиеленушіге есептегенде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңдарына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 10/01 «2020 жылға арналған Балқаш қаласы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы бір тәрбиеленушіге есептегенде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5740 болып тіркелген, 2020 жылғы 18 наурыздағы № 21 (12913) "Балқаш өңірі", 2020 жылғы 18 наурыздағы № 23 (1906) "Северное Прибалхашье" қалалық газеттерінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 20 жылғы 12 наурызда жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының сәйкес қосымшасына жаңа редакцияда мазмұндалсын.

  1. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 
  2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Дата публикации
18 ноября 2020