Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

        

 

 

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына

квота белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі  «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына,  Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына,  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес жұмыс орындарына квота белгіленсін.
  2. Балқаш қаласы әкімдігінің     2020   жылғы   26 ақпандағы №08/01 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Қарағанды облысының Әділет департаментінде №5715 болып тіркелген, 2020 жылғы 10 қаңтардағы №1-2 (12894) «Балқаш өңірі» және №1-2 (1885) «Северное Прибалхашье» газеттерінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы                  3 наурызда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Жаксылыкова Саягуль Жаксылковнаға жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Дата публикации
10 ноября 2020