Қауымдық сервитут белгілеу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер Кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2019 жылғы 23 қыркүйектегі №316-EL пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- "MININGMETALL" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу (пайдалы қатты қазбаларды барлау) үшін, Балқаш қаласының аумағында орналасқан, ауданы 2583,7 га жер учаскесіне жер пайдаланушылардан жер учаскелерді алып қоймай 6 (алты) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- "MININGMETALL" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстар аяқталғаннан кейін, мақсаты бойынша пайдалану үшiн бүлiнген жерлерді қалпына келтiрсін.
- "Балқаш қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Айрат Мухаммедгумарович Карамурзинге жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.