Ораз ТӘУІРБЕКОВ, Балқаш қаласының әкімі:
Даму үрдісін сақтау – оң өзгерістер негізі
2020 ЖЫЛЫ БАЛҚАШ ҚАЛАСЫ ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ “СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ” ЖОЛДАУЫНДА БЕЛГІЛЕНГЕН МІНДЕТТЕРДІ ІСКЕ АСЫРУҒА, МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ, ТҰРАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕРДІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҰРАҚТЫ ӨСУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН.
ӨТКЕН ЖЫЛҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАР ТАЛДАУЫ ҚАЛА ӨМІРІНІҢ СЕРПІНІ МЕН ЖҮЙЕЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІН РАСТАЙДЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ОДАН ӘРІ АРТУЫН БОЛЖАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ.
өнеркәсіп
Қала экономикасының 88,8 пайызы дәстүрлі түрде өнеркәсіп саласына тиесілі. Бұл саладағы негізгі үлес (80%) «Қазақмыс» корпорациясының еншісінде.
2020 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өнім көлемі 454 701,6 млн. теңгені, нақты көлем индексі 103,0%-ға теңесті. Облыс бойынша өнеркәсіптік өндірістің үлесі – 15,6%.
Саладағы жұмыспен қамтылғандар саны – 10356 адам.
2020 жылдың қорытындысы бойынша қаладағы өнеркәсіптік өнім қатарында өңдеуші өнеркәсіптің көлемі 93,5%-ды құрап, 42521162 млн. теңге болды. Нақты көлем индексі 102,1%-ды құрады. Өңдеуші өнеркәсіптегі өсім, 2019 жылмен салыстырғанда келесідей көрсеткіштерге өсті: рафинатты мыс – 4,6 %, алтын – 17,3%, өңделмеген күміс – 10,4%, күкірт қышқылы – 1,1%.
Тау-кен өндірісі мен кеніштерді игеру ісіндегі нақты көлем индексі 106,4% немесе 8 292,6 млн. теңге.
Тау-кен өндірісінде мыс кенін өндіру көлемі 42%-ға азайды (27.12.2019 ж. бастап Қоңырат кенішінде кен орнын игерудің тиімсіздігіне байланысты кен өндіру тоқтатылды).
2021 жылға көзделген өнеркәсіптік өнім көлемі 459 300,0 млн. теңге, нақты индекс көлемі – 104,5%.
ИНВЕСТИЦИЯ
Қала экономикасына 34640,4 млн. теңге инвестиция (2019 жылы – 48771,6 млн. теңге) салынды, нақты көлем индексі – 70,7%.
Инвестиция көлемінің азаюы кәсіпорындарға жекелеген инвестициялардың 2019 жылы салынуымен байланысты (2019 жылы – 41326,5 млн. теңге, 2020 жылы – 25444 млн. теңге).
– «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС (2019 жылы 22760,5 млн. теңге, 2020 жылы – 11500 млн. теңге);
– «КПМ - Дельта» ЖШС қуаттылығы 40 МВт күн электр станциясын салу құрылысы (2019 жылы – 7159,3 млн. теңге, 2020 жылы – 208 млн. теңге).
Бұл көрсеткішке келесі жұмыстар арқылы қол жеткізу жоспарланып отыр:
“KAZ GREEN ENERGY” ЖШС инвестициясы («Қуаттылығы 100 МВт күн электр станциясының құрылысы» жобасын жүзеге асыру) – 26252,1 млн. теңге.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС кәсіпорнын жаңғырту, жоспарланған инвестиция көлемі 10333 млн. теңге.
ШОБ кәсіпорындары (өндірісті жаңғырту және қайта құру, 6 көпқабатты тұрғын үй салу және 2 көпқабатты тұрғын үйді қайта қалпына келтіру, т.б.) – 3500 млн. теңге.
Бюджеттік қаражат (4 көпқабатты тұрғын үй салу – 1728,2 млн. теңге, аз қамтылған отбасыларға арнап 42 жалдамалы пәтер сатып алу – 330 млн. теңге, туристік нысандарға ЖСҚ – 109 млн. теңге, 11 ауланы және 3 жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру, Тәуелсіздік алаңын абаттандыру – 850 млн. теңге, Қоңырат ДСК – 254 млн. теңге, 15 көпқабатты тұрғын үйдің шатырын, қасбетін жөндеу – 225,9 млн. теңге, 2 автокөлік жолын салу (Иванов, Сәтбаев көш.) – 415, 2 млн. теңге, 7 көшенің жолын орташа жөндеу – 325,7 млн. теңге, №3 жылу желісінің құрылысы – 562,9 млн. теңге) – 7026,9 млн. теңге.
ТАУАР АЙНАЛЫМЫ
Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 26795,7 млн. теңгені немесе 2019 жылға қарағанда 98,5%-ды құрады.
2021 жылы жеке сауда айналымының көлемін 27 653,2 млн. теңгеге дейін жеткізіп, 3,2%-ға арттыруды жоспарлап отырмыз.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1963,9 млн. теңгені (2019 жылы – 1798,6 млн. теңге) құрады. Нақты көлем индексі – 101,8%.
Ірі қара мал мен құс етінің өндірісі – 2,2%-ға, сүт – 1,3%-ға, жұмыртқаның өндірісі 0,9%-ға артты.
Мүйізді ірі қараның саны – 1,2%-ға, жылқы саны – 4,8%-ға артса, қой-ешкі саны – 14,6%-ға, құс саны 8,3%-ға кеміген.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі 2021 жылы 105,3%-ға жеткізіледі деген жоспар бар.
Қаланың аграрлық секторын дамытудың негізгі міндеттерінің бірі жеміс-жидек пен көкөніс бағасын ұстап тұруда маңызды рөл атқаратын саяжай, бау-бақша және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындар өкілдерімен бірге бау-бақша шаруашылығы қоғамдарының жетекшілерімен үнемі кездесулер өткізіліп тұрады. Онда электр қуатына қосылу, сумен қамтамасыз ету және қосымша автобус бағыттарын ашу мәселелері шешілуде.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында қалада бірқатар шаралар қабылданды.
Өткен жылы 21 жәрмеңке өткізіліп, онда 190,4 миллион теңгеге өнім сатылды.
Қалаға картоптың 90%-ы, көкөністің 75%-ы, жұмыртқаның 95%-ы және ет пен ет өнімдерінің 99%-ы сырттан әкелінеді. Қала аумағындағы өндіріс көлемі қала халқының қажеттілігін қанағаттандырмайды.
Осыған байланысты бүгінгі таңда дүкен иелерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрі бойынша ең төменгі сауда бойынша 25 меморандумға қол қойылды.
Әлеуметтік және коммуналдық дүкендердің жалдаушыларымен Қарағанды облысының тұрақтандыру қорынан бөлінген өнімді бөлшек саудада белгіленген бағамен сату туралы меморандумдарға қол қойылды. Желтоқсан айында Саяқ кентінде де әлеуметтік павильон ашылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы және әлеуметтік-коммуналдық дүкендердегі қорлардың болуы үнемі қадағаланады.
2020 жылы ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Сарыарқа» ӘСК-ге 13 өтінім жолданып, қалаға 18,1 млн. теңгенің азық-түлік тауары жеткізілді.
КӘСІПКЕРЛІК
Шағын және орта кәсіпкерлік саласының қала экономикасындағы үлесі 9,1%-ды (немесе 46 590 млн. теңге) құрайды. Шағын және орта кәсіпкерліктің даму қарқыны 98,7% немесе 4397 бірлікті құрайды (2019 жылы – 4456 бірлік), олардың қатарында заңды тұлға – 621, ЖК – 3714, 62 шаруа қожалығы бар.
Жеке кәсіпкерлер санының азаюы қалада карантин енгізумен байланысты болып отыр.
Бұл күні Қарағанды облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 17 қазанындағы №39-қ «Қарағанды облысы бойынша шектеу шараларын күшейту туралы» қаулысына сәйкес, қызметі тоқтатылды:
- Ойын-сауық мекемелері (караоке – 1, бильярд – 4, компьютер клубтары – 6, түнгі клубтар, боулинг орталығы, жабық нысандағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттары және басқасы);
- Балалар сауықтыру мекемелері, мектепке дейінгі білім беру мекемелері (кезекші топтарды қоспағанда);
- Фудкорттар, банкет залдары – 17;
- Қалалық және қоғамдық жағажайлар, аквапарктер.
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласы мәселелері туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 19 шілдесіндегі Заңына сәйкес, кальян орталықтарының жұмысы тоқтатылды. Олардың саны 4 болса, біреуі жұмыс бағытын өзгертіп, кафе ретінде тіркелді.
Сондай-ақ, бұған дейінгі жылдары көше бойындағы сауда-саттыққа (балмұздақ, балалар ойын көлігін жалға беру, поп-корн, т.б.) жаз мезгілінде рұқсат беру барысында кәсіпкерлермен ЖК мәртебесін жаз мезгілінде ғана емес, тұтас жыл бойы ұстауға келісім жасалған.
2020 жылдың басынан бастап «БЖК – 2025» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 166,9 млн. теңгеге төрт жобаны субсидиялау туралы келісім жасалды, нәтижесінде 66 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
«Кепілдендіру» арқылы жалпы көлемі 111,692 млн. теңгеге 11 жоба мақұлданды.
Конкурстық іріктеу арқылы гранттық қаржыландыруға Балқаш қаласы бойынша көлемі 5 млн. теңгелік 1 жоба ілікті.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 2020 жылы «Ахбетов Н.С.» жеке кәсіпкерлігі жұмыс аясын кеңейту үшін (Балқаш қаласында демалыс орнын ашу) субсидия алды. Кредит сомасы – 80,0 млн. теңге, кепілдік сомасы – 14,676 млн. теңге.
Сондай-ақ, осы бағдарлама аясында 2021 жылы «Балхаш Органик Фарм» ЖШС-нің «Тораңғылық кентінде құс фабрикасын салу» жобасын (құс етін және жануарларға азық өндіру) жүзеге асыру көзделіп отыр. (Жоба құны – 400-500 млн. теңге, жоба қуатттылығы – жылына 2400 тонна комбикорм, 375 тонна индейка еті, жаңадан 160 жұмыс орны ашылады).
2020 жылы жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында жергілікті бюджеттен 13,9 млн. теңге бөлініп, 13 жоба мақұлданды.
Сауда, туризм және қызмет көрсету саласында 285 млн. теңге инвестициялық қаражатқа бизнестің 13 жобасы жүзеге асырылып, 46 жаңа жұмыс орны ашылды.
Пандемия салдарынан 2020 жылы туризм саласындағы көрсеткіштер төмендеді.
2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында аталмыш салада 25 274 адамға қызмет көрсетіліп, 2019 жылмен (32 983) салыстырғанда көрсеткіш 76,6%-ды құрады. Қызмет көрсетуші нысандар саны – 34. Орналастыру қызметі 239,1 млн. теңгеге көрсетілді (2019 ж – 310,8 млн. теңге).
ҚАРЖЫ
2020 жылы қол жеткізілген экономикалық өсім бюджетке түсетін түсімдердің артуына тікелей әсер етті. Жоспар бойынша 5,2 млрд. теңге болса, бюджетке 5,8 млрд. теңге түсті. 2019 жылғы бюджеттің кіріс бөлігін орындау қорытындысы бойынша біз 580 млн. теңге көлеміндегі профицитке ие болдық, ол қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басым және өткір мәселелерін шешуге, оның ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды қоса қаржыландыруға, қаланы абаттандыру бойынша іс-шараларға, “Жұмысшы кентінің” жолдарын жөндеуге, коммуналдық меншік нысандарын жөндеуге, Саяқ кентін абаттандыруға және т.б. шараларға бағытталды.
Бюджеттің шығыс бөлігі 99,1%-ға орындалды, 106 млн. теңге игерілмеген қаржыдан 70,5 млн. теңге немесе 66,3% – объективті себептермен (үнем), 35,8 млн. теңге – мердігерлердің шарттық міндеттемелерін орындамауына және мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстардың өткізілмеуіне байланысты.
Бюджет саясатының белгіленген басымдықтарын, облыс әкімінің тапсырмаларын, депутаттардың сауалдары мен ұсыныстарын, қалалық Қоғамдық кеңесінің ұсыныстарын, халықтың өтініштерін ескере отырып, жаңа үшжылдық бюджет қабылданды.
2020 жылға арналған бюджеттің жалпы көлемі 14,8 млрд. теңге сомасында қалыптасты. Түсімдердің ішінде бюджеттің меншікті кірістері 6 млрд. теңгені құрады. 2020 жылдан бастап жергілікті бюд¬жеттің қарамағына шағын және орта бизнестің қосымша корпоративтік табыс салығы берілетін болады.
Мемлекет басшысының бастамасы бойынша микро және шағын бизнесті қолдау және Салық кодексінің тиісті өзгерістеріне байланысты 3500-ден астам балқаштық кәсіпкер табыс салығын төлеуден үш жылға босатылады. Жылдық есеппен бұл сома 230 млн. теңгені құрайды және ол басқа да салық түрлерінің түсімдерімен өтелетін болады.
2020 жылға қалаға 5,6 млрд. теңге көлемінде субвенция және жоғары тұрған бюджеттен 3,1 млрд. теңге көлемінде трансферттер белгіленді. 2020-2022 жылдарға арналған бюджет шығыстарының негізгі басымдықтары әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамыту, тиімді жұмыспен қамту деңгейін арттыру, тұрғын үйге, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қолжетімділікті арттыру, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамытуға бағытталмақ.
Қалалық бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталды. Әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстардың үлес салмағы 2020 жылы бюджеттің жалпы көлемінің 61%-ын құрады, бұл – 9 млрд. теңге.
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ БЮДЖЕТІ
2018 жылдан бастап Саяқ кентінде жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті (ЖӨБ) енгізілді (халық саны – 3000 адам). Саяқ кентінің бюджеті 2019 – 195 млн. теңгені, 2020 жылы 179 млн. теңгені құрады.
2020 жылдан бастап Гүлшат кентінде жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті (ЖӨБ) енгізілді (халық саны – 503 адам). Бюджет көлемі – 44,7 млн. теңге.
Жалпы, ЖӨБ бюджетін енгізудің оң жақтары байқалады: кенттердің қаржылық мүмкіндіктері кеңейтілді, кенттер бюджетіне салықтардың 7 түрі берілді, салықты әкімшілендіруге кенттер әкімдіктерінің қызығушылығы артты, салық тәртібінің деңгейі өсті, 2020 жылы Саяқ кентінің салықтық төлемдер көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 4%-ға артты.
Кенттердің бюджеті тұрғындардың бюджеттік процеске тікелей қатысуы кезінде олардың мүдделерін ескере отырып қалыптастырылады, Саяқ және Гүлшат халқының барлығы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тартылған.
Жер учаскелерін жалға беруден және сатудан түсетін қосымша түсімдерді кенттерге беру туралы жоғары тұрған органдарға ұсыныс жіберілді.
ҚҰРЫЛЫС
2020 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 28,7 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 165%-ды құрады.
Өткен жылы 14422 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді.
Биылғы жылы 18 мың ш.м. тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, аз қамтылған отбасылар үшін 42 жалдамалы пәтерді сатып алу көзделген. Бұл мақсатқа бюджеттен бөлінген қаражат көлемі 330 млн. теңгені құрады. Оның ішінде, 236,4 млн. теңге – республикалық бюджеттен, 93,6 млн. теңге – облыстық бюджеттен.
Тұрғын үйлер салынатын аудандарды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында «Самал» шағын ауданында жоба жүзеге асырылуда. Осы мақсатқа 2021 жылы 1772,3 млн. теңге бөлініп, 320 жер учаскесін тұрғын үй салуға беруге және 2 білім беру насанының құрылысын жүргізуге мүмкіндік туады. Биылғы мамыр айында кезекте тұрған 100 азаматқа жер учаскесін беруді жоспарлап отырмыз.
ТКШ
Қаланы абаттандыру жоспары аясында 2020 жылы ұзындығы 22 шақырым болатын 10 автокөлік жолы жөнделді, бұл жалпы қала жолдарының жағдайын жақсартуға, сондай-ақ Қоңырат шағын ауданына және жолдарды жөндеу қажеттілігін 24%-ға жабуға мүмкіндік берді.
2021 жылы ұзындығы 6,9 шақырым болатын 6 көшенің автокөлік жолдарына орташа жөндеу жүргізу және жалпы сомасы 697 783 мың теңгеге ұзындығы 1 шақырым жаңа жолдар салу жоспарлануда. Бұл жолдардың жағдайын 7,2% - ға жақсартуға мүмкіндік береді.
Тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыру деңгейін арттыру мен жаппай балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуда қолайлы орта құру үшін “Менің аулам” бағдарламасы негізінде 12 аула аумағы абаттандырылды
Қала аумағында барлығы 160 аула бар. 2013-2019 жылдар аралығында 70 аула абаттандырылды. 2020 жылы 12 аула аумағы абаттандырылды. Абаттандырылған аула аумақтарын есепке алсақ, аула аумақтарының 51%-ы жайластырылған.
2021 жылы “Прайд М” ЖШС міндетіне алған 2020 жылы аяқталмаған 7 ауланы абаттандыру жоспарлануда.
Аулаішілік және мектептерге, балабақшаларға, дүкендерге, қоғамдық көлік аялдамаларына жаяу жүргіншілер байланыстарын ретке келтіру мақсатында 4 көшеде жаяу жүргіншілер тротуарлары орнатылып, 18,6 мың шаршы метр брусчатка орнатылды.
2021 жылға қаланың келесі көшелерінде 2 жаяу жүргінші жолын абаттандыру жоспарланған: Победоносцев көшесі мен Ағыбай батыр көшесі бойына ұзындығы 1,7 шақырым 3,4 мың шаршы метр брусчатка төселеді, бөлінген қаржы 39 469,0 мың теңге.
30 жылдығына орай БЛКЖО атындағы орталық саябақ пен Абай көшесіндегі саябақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
2021 жылы жалпы сомасы 850 млн.теңгеге жалпы ауданы 1,5 га Тәуелсіздік алаңын абаттандыру жоспарлануда.
Жайлы қалалық орта құру және көгалдандыру мақсатында 2020 жылы 1560 ағаш отырғызылды.
Қарағанды облысының 2020-2024 жылдарға арналған экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасын орындау үшін 2021 жылы 1700 ағаш отырғызу жоспарлануда.
2020 жылы Уәлиханов көшесі №2, 4, 6, 8, 9 тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларына ағымдағы жөндеу жүргізілді.
2021 жылы Қараменде би көшесіндегі №2,4,6, Ағыбай батыр көшесіндегі №24 тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларына ағымдағы жөндеу, сондай-ақ Шашубай шағын ауданы және Молдағұлова мен Байсейітова көшелерінің бойындағы мәдениет сарайы бойындағы үй ғимараттарының қасбеттерін сырлау жоспарлануда.
Бұдан бөлек, 2020 жылы мердігерлік ұйымдар ұзындығы 10,1 шақырым Тоқырау – Саяқ су таратқышының апатты учаскелерін ауыстыру жұмыстарын орындады. Нәтижесінде су таратқыштағы апаттылық 4,7 есеге төмендеді (жылыту маусымы басталғаннан бүгінгі күнге дейін 17 апат, өткен жылы осындай кезеңде 80 апат болды).
2021 жылы жалпы сомасы 100 млн.теңгеге ұзындығы 3,5 шақырым Тоқырау-Саяқ су тартқышының учаскесіне ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда.
Сонымен қатар Саяқ кентінің ішінде ұзындығы 560 м сумен жабдықтау желілері және 440 м су бұру желілері ауыстырылды. Сондай-ақ, Қоңырат шағын ауданындағы жалпы ұзындығы 1,9 шақырым болатын тоқсандық сумен жабдықтау желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп, апаттылықты 3 есе азайтуға мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылы жылу беру маусымына дайындық шеңберінде Балқаш қаласының жылу желілерін жөндеуге 522 млн.теңге мөлшерінде бюджеттік қаражат бөлінді.
Бұл қаражатқа ұзындығы 11,5 шақырым жылу желілері ауыстырылды, оның ішінде: магистральдық желілер-1,5 шақырым, орамдық және орамішілік желілер-10 шақырым.
Жоғарыда аталған барлық жұмыстар көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік берді, атап айтқанда: температуралық кесте 7 градусқа ұлғайтылды (ағымдағы жылы – 92-58/85-55 өткен жылы), беруші құбырдағы қысым 8 атм-ге артты. (Ағымдағы жылы 8.8-2.0 / өткен жылы 8.0-2.0) жылу желілеріндегі апаттылық төмендеді, бұл өткен жылыту кезеңімен салыстырғанда нормативтен тыс ысыраптарды 46% - дан 38%-ға қысқартуға мүмкіндік берді.
2021 жылы “Қарағанды облысындағы Қоңырат шағын ауданның Финская көшесі, Балқаш қаласындағы Октябрьская көшесі кварталішілік жылу желілерінің құрылысы» жобасын іске асыру жоспарлануда. Сондай-ақ жалпы сомасы 116 млн.теңгеге ұзындығы 2,5 шақырым орамдық жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда.
“Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасы аясында “№3 ЖЭО-дан Қоңырат шағын ауданына дейін №3 жылу желілерінің құрылысы” жобасын іске асыру басталды. Келесі жұмыстар жүргізілді:
Монтаждалған құбырлар - Ш325 – 26300м,
Монтаждалған құбырлар - Ш426 – 1500м
3 дана Блокты-модульді сорғыларды монтаждау жүргізілді
85% – электр желілерін монтаждау жүргізілді.
Соңғы жұмыстар ағымдағы жылдың маусым айына дейін жүргізіледі. Үйлерді жаңа жылу трассасына қосу 2021 жылғы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
2020 жылы көше жарығымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылды.
Балқаш қаласы және Қоңырат шағын ауданы бойынша жарық нүктелерінің жалпы саны 3 227 бірлікті құрайды. Олар 2 536 тірекке орнатылған. (Оның ішінде энергия үнемдейтін (LED) шамдар-890 бірлік, өзге де шамдар (ДНаТ; ДРЛ және т.б.). - 2 217 бірлік).
Есепті кезеңде Саяқ кентіндегі Балқаш, Парковая, Геологическая және Космонавтов көшелері мен Балқаш станциясындағы Степной көшесі бойынша көше жарығын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Мұнда қойылатын талаптарға жауап беретін 500-ден астам жарық нүктелері орнатылды.
2021 жылы Центральная, Әлімжанов, Щербаков көшелеріндегі жарықтандыруды қалпына келтіру жоспарлануда.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Жұмыспен қамту саласында қабылданған шаралар жұмыссыздық деңгейін 4,7% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді (көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 0,1% - ға төмендеді)
Ағымдағы жылдың басынан бастап 2714 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 1902 адам немесе жылдық жоспардың 112% (1700 адам).
“Еңбек” бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыруға 2020 жылы 143 млн.теңге бағытталды, бұл жоспарлы көрсеткіштің 100% - ын құрайды.
Бағдарламаға 2804 адам қатысты.
Бірінші бағыт аясында: “Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету” шеңберінде жұмыссыздар қатарынан 11 адам қысқа мерзімді оқытумен (“электромонтер” мамандығы бойынша) қамтылып, кейіннен жұмысқа орналастырылды.
Ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап тегін кәсіптік оқуға (шәкіртақы төлей отырып) 9-сыныптың 38 түлегі жіберілді (“шаштараз” және “автослесарь”мамандықтары бойынша). Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.
“Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың” екінші бағыты аясында Балқаш қаласының 7 кәсіпкері “Халық Банкі” АҚ арқылы жалпы сомасы 55,2 млн.теңгеге несие беру арқылы бизнесін кеңейте алды (100% игерілді).
“Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ Қарағанды филиалының (бұдан әрі - Қор) қаражаты есебінен бизнесті ашу және кеңейту үшін шағын несиелерді Саяқ және Гүлшат кенттерінің 4 тұрғыны және 5 қала тұрғыны пайдаланды. Осы мақсатта қор балқаштықтарға 63,5 млн. теңге бөлді.
34,4 млн.теңге 21 ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, 4 көп балалы аналарға, 4 мүгедек адамға және 34 жұмыссыз азаматтарға өтеусіз мемлекеттік гранттар беруге бағытталды.
“Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытудың” үшінші бағыты шеңберінде:
- 16 жұмыссыз азаматтар үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды немесе жылдық жоспардың 107% (2020 ж. жоспар-15 адам).);
- бастапқы жұмыс тәжірибесін Жастар тәжірибесі арқылы ЖОО мен ОАОО-ның 88 түлегі немесе жылдық жоспардың 187% ала алды (2020 ж. жоспар-47 адам.);
- қоғамдық жұмыстарға 707 жұмыссыз тартылды немесе жылдық жоспардың 109% (2020 жылға жоспар-648 адам). Жұмыссыз азаматтардың табысын арттыру мақсатында қоғамдық қызметкерлердің жалақысы 2020 жылғы 1 қарашадан бастап 50% - ға өсті.
“Бірінші жұмыс орны” жобасы аясында бағдарламаға қатысушы “Балқаш көпсалалы колледжі” ЖМ 2020 жылғы түлегі ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап тұрақты жұмысқа орналасты.
Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде 2020 жылы Балқаш қаласының инженерлік инфрақұрылымының 12 объектісін жөндеуге 3700,6 млн.теңге бағытталды. 11 нысанда жұмыстар аяқталды.
Жұмыс орындарын құру бойынша жоспарлы көрсеткіште 540 адам, орындалғаны - 508 (94%). 50% - дан астамы немесе 270 жұмыс орны жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасу үшін берілген.
Азаматтарды әлеуметтік қолдау
Халықтың осал топтарының әлеуметтік қорғалуын нығайту үшін оларды әлеуметтік қолдау шараларымен уақтылы және толық қамту бойынша шаралар қабылдануда.
2020 жылы 80 отбасына (366 адам) атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) төлеуге 30,1 млн.теңге жұмсалды. Осы отбасылардан шыққан 79 балаға жалпы сомасы 4,8 млн.теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер (азық-түлік жиынтығы және гигиеналық құралдар) берілді.
Төтенше жағдай кезінде азаматтарды қосымша қолдау мақсатында азық-түлік, тұрмыстық жиынтықтардың орнына 5567 теңге мөлшерінде ай сайынғы төлемдермен 4687 азамат қамтылды (АӘК алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі 85 бала; 1,2,3 топтағы 3713 мүгедек; 239 мүгедек бала; мүгедек балаларды күтумен айналысатын 273 адам; 377 ресми тіркелген жұмыссыздар), оған 102,8 млн.теңге бағытталды.
Шектеу іс – шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін біржолғы әлеуметтік төлем үшін (42500 теңге мөлшерінде) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қалалық штабпен 1468 өтініш қаралды (жұмыс берушілерден - 80, ЖК-1388). Штабтың оң қорытындысы 508 өтініш берушіге берілді (қызметкерлер саны 270 адам болатын 67 жұмыс беруші, ЖК – 441). 960 өтініш берушіге тағайындаудан бас тартылды.
Бюджеттен тыс қаражат есебінен бір жолғы материалдық көмекпен халықтың әлеуметтік осал топтары қатарынан 5286 адам қамтылды:
- Мемлекет басшысының бастамасымен “Biz Birgemiz” акциясы аясында, қоғамдық қор және “Нұр Отан” партиясымен бірлесіп, балқаштықтарға 50,0 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді;
- “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС 1371 адамға 30 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді.
2020 жылы Ұлы Отан соғысының, Ауған соғысының қатысушыларына, Чернобыль АЭС - індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан мерекелік күндерге, сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттарына және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға төлемдер жалғастырылды, бұған 120,2 млн.теңге немесе жылдық жоспардың 100%-ы (2019 жылы-92,3 млн. теңге) жұмсалды.
Қалада 3868 мүмкіндігі шектеулі адам (оның ішінде 246 бала) тұрады, бұл жалпы халық санының 4,9% - ын құрайды. Әлеуметтік мәселелерді шешу және олардың қоғамдағы жағдайын жақсарту үшін 2020 жылы 909 адам қосалқы техникалық құралдармен және арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілді (2019 жылдың көрсеткішінен 135 адамға артық), 172 адам санаторлық-курорттық емделуде денсаулығын жақсартты (2019 жылмен салыстырғанда 48 адамға көп), 1-топтағы 82 мүгедекке жеке көмекшінің қызметі ұсынылды.
Пилоттық режимде әлеуметтік қызметтер порталы арқылы алғаш рет техникалық оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен 28 адам(100%) қамтамасыз етілді.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың 6 жобасын іске асыру арқылы 2020 жылы 516 адам жалпы сомасы 24,0 млн.теңгеге (2019 жылы 20,9 млн. теңге сомасына 523 адам) қосымша әлеуметтік қызметтер алды.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша барлық қолдау шаралары 2020 жылы сақталған. Осы мақсаттарға арналған бюджеттің жалпы көлемі 692,3 млн. теңгені құрады.
БІЛІМ
Қаланың білім беру саласындағы қызметі Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін іске асыруға бағытталған. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін 2020 жылы 20% өсіммен 7,1 миллиард теңге бөлінді (2019 жылы – 5,9 млрд.теңге.).
Мемлекеттік бағдарлама аясында 3 мақсатты индикатор мен 18 көрсеткішке қол жеткізу жоспарланған.
Мектепке дейінгі білім беру
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің желісі 2987 бала контингенті бар 22 мектепке дейінгі мекемеден тұрады.
Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 96,4%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% құрайды.
2019 жылы 40 орындық “Алтын сақа” жеке меншік балабақшасы ашылды, 2020 жылдың желтоқсанында қосымша 50 орындық 3 топ ашылды, онда 90 орындық мемлекеттік тапсырыс орналастырылған.
Қаланың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 363 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 178 педагог жоғары білімді (49%).
Жоғары біліктілік санатты – 158 (45,1%), бірінші біліктілік санатты – 93 (25,6%) қызметкер бар.
Орта білім
Қалада жалпы саны 11857 оқушыны құрайтын 17 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді.
11857 оқушы үшін жаңа оқу жылының басталуы 17 мектепте электронды ресурстар арқылы қашықтықтан оқыту форматында ұйымдастырылды.
Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау, оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еден үсті санитайзерлері, тепловизорлар, залалсыздандыратын қосымша кілемшелер, кварц шамдары, дезинфекциялық құралдар, маскалар сатып алынды.
Бірінші жартыжылдықта 1-ден 5-сыныпқа дейін 439 кезекші сынып жұмыс істеді, онда 5284 оқушы оқиды.
Қашықтықтан оқыту екі интерактивті платформа арқылы жүргізіледі: sdot bilimal.kz – 13 мектеп, Daryn.online.kz. - 4 мектеп.
Оқыту сапасын қамтамасыз ету білім беруді дамытудың маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады. Үлгерімі “жақсы” және “өте жақсы” оқушылардың үлесі 70,7% құрады (2019ж.- 70,5%).
Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша қала бойынша орташа балл 65,4 (2019ж. - 62,4) құрады, шығармашылық емтихансыз – 54,3 (2019ж. - 53,5). 11 түлек “Алтын белгі” төсбелгісімен марапатталды, 16 түлек Үздік аттестат алды. 2020 жылы жоғары оқу орындарына 272 түлек оқуға түсті, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 50-ге артық.
Екі инновациялық мектеп - №15 мектеп-лицейі және №17 мектеп-лицейі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуді жалғастыруда. 2020 жылы 1-11 сынып оқушыларын жаңартылған мазмұнға көшіру аяқталды.
Ағымдағы жылы 3,8,10 сынып оқулықтары ауыстырылып, бастауыш мектепке арналған жұмыс дәптерлері сатып алынды. Оқулықтармен қамтамасыз ету 100% құрайды.
Қаланың орта білім беру жүйесінде 1195 педагог жұмыс істейді (2019 жылы - 1186), оның ішінде 76,6% жоғары білімді, 55,3% жоғары және бірінші санатты. Жаңа 2020-2021 оқу жылының басында 68 жас маман қабылданды (5,7%).
2018 жылы педагогтарды аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді. Бүгінгі таңда ол бойынша 350 педагог тестілеуден өтті. Жаңа формациядағы педагогті қалыптастыру үшін біліктілікті арттыру курстарынан өту бойынша жұмыс жалғастырылды: биыл 329 қызметкер білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жаңа форматтағы курстарды аяқтады, қала мектептерінің 95% мұғалімдері “Қашықтықтан оқытуды үйренемін” курсынан өтті, Ұлттық біліктілік тестін тапсырған 350 педагог 30-дан 50% - ға дейін қосымша ақы алады, оның ішінде:
- педагог “Шебер” - 1 адам.
- педагог “Зерттеуші” - 108 адам.
- педагог “Эксперт” - 137 адам.
- педагог “Модератор” - 104 адам.
Мемлекеттік бағдарламада үштілді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі іс-шаралар белгіленген. Бүгінгі таңда 67 педагог немесе 47,8%-ы тиісті пәндерді оқыту үшін ағылшын тілін меңгеріп, сертификат алды.
Білікті кадрлардың тапшылығы 1%-ды құрайды (мұғалімдер жетіспейді: математика, орыс тілі).
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Білім беру сапасын жақсарту мақсатында қалада білім беру жүйесін цифрландыру жұмыстары жалғасуда. Қаланың компьютерлік паркі 5028 бірлікті құрайды. 2020 жылы қосымша 400 бірлік компьютерлік техника сатып алынды, 281 бірлік “Қазақмыс” корпорациясынан берілді, Білім басқармасымен 118 бірлік компьютер, 1371 бірлік ноутбук және 175 бірлік планшет берілді, бір компьютерге оқушылар саны 2,4 оқушыны құрады.
2020 жылы жергілікті бюджет қаражатына 8 жаңа модификация кабинеті (гидропон қондырғысы бар 4 – биология, 4 – технология кабинеті) сатып алынып, орнатылды, қосымша тағы екі IT-кабинет ашылды. Бұл көрсеткіш жоспарлы 83,3%-дың 100%-ына орындалды.
“Білім беру робототехникасы” жобасы аясында 2019 жылы қаланың барлық мектептерінде робототехника кабинеттері орнатылды, бейқамдық 100% құрайды, 2020 жылы бұл кабинеттер үшін қосымша жабдықтар сатып алынды.
Жаңартылған білім беру стандарттары бойынша оқытуды интерактивті сүйемелдеу үшін қала мектептерінің 410 кабинеті “проектор-экран-компьютер” (ПИК) мультимедиялық жабдықтар жиынтығымен жабдықталған.
Қаланың 33 білім беру мекемесінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 1193 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның ішінде 584 камера қалалық полиция бөлімінің Орталық жедел басқармасына (ЖБО) қосылған. Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы “Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” Жолдауын іске асыру мақсатында мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі топтарда, жатын бөлмелерде, киім шешетін бөлмелерде 517 бейнекамералар орнатылды.
Қосымша білім беру
Білім беру жүйесінің құрылымына екі мектептен тыс мекеме - Оқушылар сарайы мен Өнер мектебі кіреді, олар балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруын жүзеге асырады, онда әртүрлі бағыттар бойынша 110 үйірме жұмыс істейді.
Оқушылар сарайының базасында 5 бағыт бойынша технопарк жұмыс істейді: әуе-автокеме модельдеу, радиоәуесқойлар, балалар телестудиясы, робототехника, 3D-модельдеу. Қосымша білім берумен қамту 3312 оқушыны құрайды (оның ішінде ДШ - 2600, ШИ – 712) немесе іріктелген оқушылар санының 27,9%.
Балалар мен жасөспірімдер қозғалысына қатысатын оқушылардың үлесі-9473 оқушы немесе 79,9%.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық жоспарды орындау шеңберінде білім беру мекемелерінде екінші жыл бойы жалпы саны 345 адамды қамтитын “Жас сарбаз” әскери-патриоттық клубтары жұмыс істейді.
№8 ЖББ ОМ базасында 19 оқушы контингентімен “Жас сарбаз” 8 сыныбы жұмыс істейді.
17 білім беру ұйымдарында 8892 баланы қамтитын 550 үйірме мен спорт секциялары жұмыс істейді.
Азаматтық ұстанымды қалыптастыру, балаларды еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында жазғы кезеңде “Жасыл ел” жасақтарында 50 жоғары сынып оқушылары жұмыс істеді. (7 адам – қолайсыз отбасылардан, 20-көп балалы отбасылардан).
Ата-аналардың 99,1% - ы Ата-аналар Қауымдастығына кіреді, әр мектепте Қамқоршылық кеңес және жалпы мектептік ата-аналар комитеті, тұрақты негізде Әкелер мен Аналар кеңесі жұмыс істейді.
Инклюзивті білім беру
Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін кедергісіз орта құрған мектептердің үлесі жоспардағы 80% - дың 88,1% - ын құрайды.
Қалада ерекше қажеттілікті талап ететін 282 бала тұрады, оның ішінде жалпы білім беретін мектептерде – 138 оқушы, балабақшада-35 бала, №10 мектеп – интернатта-109 бала оқиды.
Қорғаншылық және қамқоршылық органы
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мемлекеттің ерекше қамқорлығында.
2020 жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны 138 – ді құрады, оның ішінде қорғаншылықта (қамқоршылықта) – 109 , патронаттық тәрбиеде - 26, отбасы үлгісіндегі балалар үйінде (В.Танцурина) - 3 бала.
Есепті кезеңде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 14 балаға (жоспар бойынша -10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер бөлінді.
Жалпы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің кешенді жоспары 2020 жылы 140%-ға орындалды.
Жалпыға міндетті оқу қоры
Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды қолдау шеңберінде қала мектептерінде жаппай оқыту қоры жұмыс істейді, оның шығыстары мектептердің жалпы бюджетінің 3%-ын құрады.
Жыл бойы 936 оқушы интернетке қосылған, 1023 оқушы киім-кешек пен мектеп-жазу құралдарын сатып алған.
1573 оқушыға қоғамдық көлікте жол жүру өтемақысына жергілікті бюджеттен 9,9 млн. теңге бөлінді.
Жөндеу жұмыстары
Білім беру мекемелеріне ағымдағы жөндеу жүргізу жөніндегі төрт жылдық жоспарға сәйкес 2020 жылы 19 білім беру объектісіне 316,7 млн.теңге бөлінді.
4 жыл ішінде (2017-2020 ж.) 33 білім беру мекемесінде жөндеу жұмыстары жүргізілді:
22 мекемедегі шатыр;
27 мекемедегі жылу жүйесі;
31 мекеменің терезелері ауыстырылды;
27 нысанда қоршау ауыстырылды.
Білім беру жүйесінде өткізілетін барлық іс-шаралар 2021 жылы да жалғасатын болады.
Осы мақсаттарға арналған бюджет көлемі 6,1 млрд. теңгені құрады. Мысалы, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 195,5 млн.теңге, 7 білім беру нысанын жөндеуге 94,4 млн. теңге бағытталды.
Денсаулық сақтау
2020 жыл, бұл Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші жылы. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, халықтың салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру, қоғамдық денсаулық қызметін дамыту және денсаулық сақтау жүйесін тұрақты дамыту болып табылады.
2020 жылдың қорытындылары бойынша халықтың денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштердің мынадай серпіні байқалады.
Халықтың туу көрсеткіші 2,5%-ға өсті, нәрестелер өлімі 29%-ға төмендеді, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 12,9%-ға, жазатайым оқиғалардан, жарақаттардан болатын өлім-жітім 24%-ға төмендеді. Сонымен қатар тыныс алу органдары ауруларынан болатын өлім-жітім 25,6%-ға, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 6%-ға, АИТВ-инфекциясымен сырқаттанушылық 33,9%-ға ұлғайды.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру Сovid-19 коронавирустық инфекциясымен күрес жөніндегі іс-шаралармен бір мезгілде жүргізілді. 2020 жылы қала бойынша COVID-19 коронавирустық инфекциясының 723 зертханалық расталған жағдайы тіркелді.
Коронавирустық инфекциясы бар науқастарды қабылдау үшін 240 инфекциялық төсек-орын орналастырылды. Қосымша 100 төсектік жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы енгізіледі. Инфекциялық стационарларда оттегін орталықтандырылған түрде беру жүйесі орнатылған.
Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы 533,3 млн. теңгеге нығайтылды, оның ішінде 692 бірлік медициналық жабдық сатып алынды. 7 бірлік санитарлық автокөлік жеткізілді. Оның ішінде: 3 бірлік облыстық бюджет қаражаты есебінен, 4 бірлік демеушілік көмек есебінен (“Біз біргеміз” қоры “QаzCarbon” ЖШС, “Самұрық Қазына” ЖШС), бұл жедел медициналық жәрдем бригадаларының және үйдегі қоңырауларға қызмет көрсету үшін мобильді бригадалардың санын арттыруға мүмкіндік берді.
Тәулігіне 500 зерттеу қуаттылығымен ПТР зертханасы ашылды. Құны 29 млн. теңгені құрайтын жабдық “Сары Қазына” ЖШС-нен берілді.
Қалаға 26 жас дәрігер, түрлі сала мамандары тартылды. Мемлекеттік бағдарламаның басым бағыттары (ана мен бала, қан айналымы жүйесінің аурулары, онкология, туберкулез) бойынша 16,8 млн.теңгеге 539 дәрігер мен орта медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша оқыту жүргізілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының және медициналық ұйымдардың қаражаты есебінен анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог, травматолог, инфекционист, пульмонолог, эндокринолог, уролог сияқты бейінді мамандықтар бойынша резидентурада 50 млн.теңгеге жуық сомаға 20 маман оқытылуда. Оқу аяқталғаннан кейін 2021 жылы 5 маман, 2022 жылы-6 маман, 2023 жылы-1 маман, 2024 жылы-8 маман келеді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы» аясында құны 366 млн.теңге (ЖБ қаражаты), ауданы 24 мың ш. м. аурухана қалашығының аумағын абаттандыру жүргізілді. 92 жұмыс орны құрылды, оның 46 - сы Жұмыспен қамту орталығынан.
Биылғы жылдың ақпан айында консультациялық-диагностикалық орталықтың базасында тағы бір компьютерлік томография кабинеті және неврологиялық, кардиологиялық, травматологиялық патологиясы бар ересек пациенттерге арналған 40 төсек орын жаңа оңалту орталығы ашылады. Бұл пациенттерге оңалту көмегінің және аурулардың заманауи диагностикасының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту мақсатында 2020 жылдың сәуір айында З.Сәбитова шағын аудан аумағында жаңа емхана салу бойынша үлкен жобаны іске асыру басталады.
Халықтың денсаулығын жақсарту және денсаулық сақтау жүйесінің сапалы әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және медицина факультетінің, “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС нің тәуелсіз сарапшылары әзірлеген Балқаш қаласы халқының денсаулығын сақтау мен нығайтудың 2021-2023 жылдарға арналған үш жылдық бағдарламасын іске асыру басталады. Онда тұрғындардың түрлі топтары арасында Денсаулық сақтау тәртібін қалыптастыру мен бекітуге тиімді технологияларды енгізу, білікті медицина кадрларымен қамтамасыз ету, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануы үшін қаланың инфрақұрылымын жақсарту бойынша іс-шаралар көзделген.
2021 жылғы ақпанның басынан бастап республика бойынша 18-60 жас аралығындағы халық арасында Сovid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация басталады. Қала бойынша 26 мыңға жуық адамды қамту жоспарлануда. Халықты вакцинациялау тек ерікті негізде жүргізіледі.
Ленин көшесі, 10 бойынша №1 емхананың базасында бірыңғай вакцинация орталығы ұйымдастырылды және мұнда оны сапалы жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Жаппай вакцинациялаудың тиімділігі бірнеше айдан кейін пайда болады және бұл дағдарысты еңсерудің ең тиімді және жүйелі шарасы болады, бұған қоса өзін-өзі оқшаулау, карантин бойынша шектеулерді алып тастауға және бұрынғы жұмыс режиміне кіруге мүмкіндік береді.
Халық үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады.
дене шынықтыру және спорт
Спорт және салауаты өмір - халықтың денсаулығын жақсарту және қалың бұқараны тұрақты дене шынықтыруға тарту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары. Қалада 2 спорттық ұйым бар: «Балқаш қаласының жасөспірімдер спорт мектебі» КММ және «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені» КМҚК. Оларда 1500-ге жуық балалар мен жасөспірімдерге арналған 106 білім беру тобы жұмыс істейді. 169 спорттық ғимарат бар. Халықтың 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 57,6% құрайды. Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 2020 жылдың соңында 25755 адамды немесе 32,5%-ды құрады, / 2019 ж., 25 438 адам немесе 32,0% / (облыс бойынша көрсеткіш - 30,3%).
Биыл «ДСК» мемлекеттік кәсіпорнының аумағында жасанды төсеніші бар футбол алаңы және стрит-воркаут алаңы орнатылды, оған 17 млн. қаржы жұмсалды. Сондай-ақ, орталық саябақта және Абай тұйық көшесінде (жұмысшылар кенті) жасанды төсеніші бар спорт алаңдары орнатылды. Қала үйлері ауласындағы 6 спорт алаңында жасанды төсеніш жаңартылды.
2020 жылдың 12 айында қалада 75 спорттық-сауықтыру шаралары өткізілді, оның ішінде 36-сы онлайн түрде, 6263 адам қамтылды, олардың 2500-ден астамы балалар мен жасөспірімдер / 52 іс-шара жоспарына сәйкес /. Осы аралықта қаланың 500-ден астам спортшы түрлі дәрежедегі 27 жарысқа қатысты. Қала спортшыларының қоржыны 16 алтын, 13 күміс және 32 қола медальға толықты. Секциялар мен үйірмелерде мүгедектердің жалпы санынан 121 адам (3,2%) жүйелі түрде 3729 адам (оның 289-ы балалар) спортпен шұғылданады.
2021 жылға қалада дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін бюджеттен 213 млн. 632 мың теңге бөлу жоспарланған болатын, «Балқаш қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» облыстық деңгейге өтуіне байланысты, 59 млн. 689 мың теңгеге азайтылды.
Бұқаралық спортты дамыту және халықты сауықтыру үшін облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен «Материалдық-техникалық базаны ұстауға және нығайтуға / 2021 жылға / ерекшелігіне сәйкес 5 891 мың теңге бөлінді. Бұл қаражат 5 спорт нұсқаушысын күтіп ұстауға және спорттық құралдарды сатып алуға жұмсалады. Бұл жұмысшылардың жұмысы негізінен республикалық «#aulafit» жобасын іске асыруға бағытталады - Балқаш қаласында бұқаралық спортты дамыту үшін аулада спортпен айналысуды ұйымдастыратын боламыз. Бүгінгі таңда 4 спорт нұсқаушысы қабылданды. Гүлшат кентінде - 1 адам, Саяқ кентінде - 1 адам. 1 адам -Қоңырат шағын ауданында, 2 - адам қалада жұмыс істейді. 2021 жылға арналған бұқаралық спорт және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспары жасалып, бекітілді. Қалалық деңгейде бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуге, спорт түрлері бойынша қала құрама командаларының облыстық жарыстарға қатысуына қаражат көбейді.
2020 жылдың шілдесінде «ДСК» КМҚК спорттық-туристік базасын 10 жылға сенімгерлік басқаруға беру және кейін сатып алу құқығын беру үшін тендер жарияланды. Алайда қатысушылардың болмауына байланысты тендер өтпеді. 2021 жылы қаңтарда «ДСК» КМҚК спорттық-туристік базасын 10 жылға сенімгерлік басқаруға беру және кейін сатып алу құқығын беру үшін тендер туралы жарнаманы қайта ұсыну жоспарланып отыр.
Сонымен бірге 2021-2022 жылы Балқаш қаласындағы БЖСМ аумағында күрес орталығын салуға арналған бюджеттік өтінім Қарағанды облысының Денешынықтыру және спорт басқармасына жіберілді. Алайда, қаржыландыру мәселесі бүгінде шешілген жоқ. Биылғы жылдың ақпан айында қала бюджетін нақтылау барысында Қоңырат ықшам ауданында спорт кешенін салуға қаражат бөлу жоспарлануда /алдын ала дайындалған құрылымның типтік жобасын жүзеге асыру арқылы/. Құрылысты 2021 жылдың қараша айында аяқтау көзделіп отыр.
Күтілетін нәтижелер: тұрғындарды спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 1000 адамға шаққанда 60,0% құрайды. Салауатты өмір салтымен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 1200 адамға немесе 33,5% артады.
Мәдениет және тілдерді дамыту
Қазақстан Республикасында тіл саясатын жүзеге асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында мемлекеттік қызметшілер мен әр түрлі санаттағы азаматтар үшін мемлекеттік тілде оқытуды ұйымдастыру жұмыстары жүйелі жүргізілді. Қала тұрғындарын тілдерге тегін оқыту үшін «Тілдер орталығы» КММ жұмыс істейді. Онда 2020 жылы 245 адам мемлекеттік тіл үйреніп, 175 адам ағылшын тілі курстарымен қамтылды.
Қалада Тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасының индикаторлық көрсеткішіне сәйкес ересек тұрғындардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі 2020 жылы 89%-ды құрады (2019 жылы - 88%, 2018 жылы - 85%) , ағылшын тілін - 24,2%-ға (2019 жылы - 24%, 2018 жылы - 21%) және үш тілді бір уақытта меңгеру деңгейі - 18%-ға (2019 жылы - 16%, 2018 - 14%) жетті.
Қала мен оған іргелес Саяқ пен Гүлшат кенттерінде 646 адамды қамтитын 38 клубтық құрылым жұмыс істейді. Олардың 2-еуі «Халықтық» және «Үлгілі» атақтарына ие - «Живая память» ардагерлер хоры және Струсинскийлер атындағы «Ветерок» хореографиялық ансамблі.
Наурыз айынан бастап төтенше жағдайға байланысты барлық іс-шаралар онлайн режимде өткізілді, осыған орай 2020 жылы мәдени мекемелерде 17361 адам қамтылған 133 оффлайн іс-шара және әлеуметтік желілер арқылы 490 онлайн-іс-шаралар өткізілді, онда 478 110 қаралу, 103 000 лайк тіркелді.
Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханадан, А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасынан және 7 филиалдық кітапханадан тұрады. Есепті кезеңде олардағы оқырмандар саны 6549 адамды құрады (2019 ж. - 20 514 адам, 2018 ж. - 20 508 адам), келушілер саны - 31 974 адам (2019 ж. - 136 313 адам, 2018 ж. - 136 304 адам).
2020 жылы кітап қорын толықтыруға жергілікті бюджеттен 6807,6 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 3807,6 мың теңге әдебиет сатып алуға бөлініп, 2672 дана сатып алынды, оның ішінде 1283-і қазақ тіліндегі басылымдар. Мерзімді басылымдарға 3000,0 мың теңге қарастырылды.
Қалалық тарихи-өлкетану мұражайының экспонаттарының жалпы қоры - 49131 дана. 2020 жылы мұражайдың негізгі қоры 400 экспонатпен толықтырылды, 11 экспонат қалпына келтірілді.
Есепті кезеңде 68 көрме, 54 іс-шара, 51 лекция, 231 экскурсия өткізіліп, келушілердің жалпы саны 9,9 мың адамға жетті.
Осы жылы А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында 15 490,89 мың теңге сомасына (мердігер - «Комплект-5» ЖШС, Балқаш қ.) ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020-2021» бағдарламасын іске асыру шеңберінде қалалық тарихи-өлкетану мұражайында 27,671 млн.теңге сомасына «Ғимараттың аумағын абаттандыру және қасбетін жөндеу» (мердігер - «UBR-БИЗНЕССТРОЙ» ЖШС, Балқаш қ.). ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерейтойы, 1921-1922 жылдардағы аштықпен байланысты қайғылы оқиғалардың 100 жылдығы, Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы сияқты атаулы күндерді атап өту үшін мәдениет саласындағы қызметтің 2021 жылға арналған басым бағыттары айқындалып, жоспарланған іс-шараларды жүзеге асырудың тұжырымдамалары жасалды.
жастар саясаты
Балқашта 15 810 жас тұрғын бар. Жастар ресурстық орталығы - қаладағы жастармен жұмысты ақпараттық-әдістемелік қолдау, кеңестік көмек беретін, жастар бастамалары жүзеге асуын қамтамасыз ететін ұйым. Сонымен қатар аталмыш орталық жастар ортасындағы жағдайды бақылайды және талдау жасайды.
Бұған қоса «Рухани жаңғыру» орталығы толығымен техникалық құралдармен жабдықталған. Мұнда еріктілер штабы, «Жаңғыру жолы» орталығы, видеоредакторлыққа, кітаптар мен фильмдерді талқылауға арналған, жас заңгерлердің, ұлттық ойындар, логикалық ойлау, шешендік өнер, электронды спорт және музыка клубтары жұмыс істейді.
Қазақстанда 2020 жыл Еріктілер жылы деп жарияланғаны белгілі. Соның аясында Балқаш қаласында көптеген іс-шаралар өткізілді, жастарға жайлы жағдай жасауға, бәсекелестік ортада қажетті білім мен дағдыларды алуға, азаматтық пен патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған қызықты жобалар мен бастамалар жүзеге асырылды. Еріктілер жылы аясында қала жастарының қатысуымен 100-ден астам іс-шаралар өткізілді (акция, онлайн-тренинг, қайырымдылық және т.б.).
2020 жылы «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша 135 жас жұмыспен қамтылды, бағдарламаға қатысушылардың жалақысы 51 600 теңгені құрады (жергілікті бюджет).
Жастар арасында кәсіпкерлікті кеңінен насихаттау мақсатында «Жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған қала әкімінің гранты» жобасы басталды. Бұл жоба - Балқаш, Саяқ, Гүлшат кенті жастарының жаңадан іс бастауына және бұрыннан бар бизнесін дамытуға қаржылай көмек көрсетуге бағытталған. 2020 жылы жалпы грант қоры 22 971,0 мың теңгені құрады (2019 жылы 7 млн. теңге). Конкурстық комиссияның өтінімдерін қарау нәтижесінде 13 адам грант иегері болды (оның ішінде: 11 адам - өзін-өзі жұмыспен қамтыған, 1 адам - мүгедек, 1 адам - Саяқ кентінің тұрғыны).
Жастар денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын қалыптастыру - қаладағы жастар саясатының маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта оқу орындарында 170-тен астам спорттық секциялар жұмыс істейді, спорттық клубтарда спортпен айналысатын және секцияларға белсенді қатысатын жастардың саны шамамен 8000 адамды құрайды (50,6%).
2018 жылдың наурыз айынан бастап қалалық №1 емхана жанынан «Ғибрат» Жастар денсаулығы» орталығы жұмыс істейді, онда жастар қажетті кеңестерін алады. 2020 жылы бұл орталыққа 488 адам келді.
Мемлекеттік жастар саясатын ойдағыдай жүзеге асырудың ажырамас бөлігі оның ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етілуі болып табылады. Қалада ақпараттық ортаны кеңейту үшін «Достар» жастар журналы шығарылады. Жас буынды ақпараттандыру және бос уақытын тиімді өткізуге баулу мақсатында «Вконтакте» (5000), «Instagram» (7389), «Facebook» (5000) әлеуметтік желілерінде аккаунттар бар.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, қала жастарын жемісті шығармашылық, кәсіби және қоғамдық қызметке ынталандыру мақсатында жыл сайын қала әкімінің «Өркен» сыйлығы тағайындалады. 2020 жылы сыйақы мөлшері 10 аталым бойынша 100 мың теңгені құрады.
Ішкі саясат
Қалада мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға ерекше назар аударылады. 2020 жылы Мемлекет басшысының Жолдауларының негізгі ережелерін, «Рухани жағыру» мақаласын, басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды түсіндіретін және жергілікті атқарушы органдардың қызметін көрсететін 734 мақала және теледидарда 385 сюжет жарияланды. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауларын халыққа түсіндіру мақсатында АНТ мүшелерімен 2020 жылы 32 кездесу өткізіліп, оған шамамен 1790 адам қатысты. 2020 жылдың 4 шілдесінен қоғамдық пікір көшбасшыларының (бұдан әрі – ҚПК), депутаттардың, Балқаш қаласы ардагерлерінің карантиндік шараларды сақтау туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары онлайн режимде басталды.
2020 жылы Балқаш қаласында: телеарналар мен әлеуметтік желілерде 19 бейнеролик, газеттер мен әлеуметтік желілерде ҚПК 130 пікір жарияланды.
2020 жылдың басында Балқаш қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Осы жоспарға сәйкес «Рухани жаңғырудың» бағыттары мен арнайы жобалары бойынша 63-ке жуық іс-шаралар өтті, бұл іс-шараларға қала мен кент тұрғындарының барлық топтары қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жайлы шамамен 353 мақала, сюжет және бейнеролик жарияланды.
Балқаш қаласында «Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру бойынша 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасалды және бекітілді. Барлық іс-шара жоспарлы түрде өтеді.
2 саяси партиямен, 12 кәсіподақ ұйымымен, 4 этномәдени орталықпен, 67 үкіметтік емес ұйыммен және 14 діни бірлестіктермен өзара жұмыстар атқарылып, олардың мәселелерін шешуге көмек көрсетіледі.
Қоғаммен және үкіметпен өзара әрекеттесу мақсатында 2020 жылы Қоғамдық кеңестің 12 отырысы өткізіліп, Кеңес мүшелері 4 рет азаматтарды қабылдауды жүргізді.
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықтың негізгі нысандарының бірі - мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру.
Жергілікті атқарушы биліктің міндеті - діни ұйымдармен диалог құру. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Радикалды діни идеологияның таралуын болдырмау мақсатында қалада діни мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс істейді, олар 2020 жылы халықтың әртүрлі санаттарымен 144-тен астам кездесу өткізді.
2019 жылғы 5 тамыздағы №58-р бұйрығына сәйкес әлеуметтік желілерде жарияланған әлеуметтік-экономикалық тақырыптардағы сыни материалдарға жауап беру үшін жұмыс тобы құрылды, бұл топқа 14 адам кіреді.
|
Сыни материалдардың саны (2020 жылдың қорытындысы бойынша) |
Сын материалдарға жауаптар саны |
|
1017 |
1017 |
Мемлекеттік қызметтер
Электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтер жүйесін жетілдіру және азаматтардың оларға қолжетімділігін қамтамасыз ету - маңызды стратегиялық міндеттер. Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандырудың негізгі мақсаттары мемлекеттік мекемелер ұсынатын мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жеңілдету және жеделдету болып табылады.
Балқаш қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын 7 мемлекеттік мекемеде 78 мемлекеттік қызмет түрі, оның ішінде 72 мемлекеттік қызмет түрі электрондық форматта көрсетіледі.
Барлығы 2020 жылы 25 871 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 6194 (24,3%) қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы, 11282 (43,76%) қызмет электронды түрде көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдар болған жоқ, бұл мемлекеттік қызметтердің электрондық форматының тиімділігін растайды. Жергілікті атқарушы органдар жылына кемінде бір рет қызмет көрсетушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді қоғамдық талқылау өткізеді. Барлық мүдделі тараптардың қатысуымен қоғамдық пікірталастар өткізу мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Қала әкімінің аппараты мониторинг, ішкі бақылау және мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша үнемі жұмыстар жүргізеді. Әкімдіктің және оның дербес бөлімдерінің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат орналастырылған және әрдайым жаңартылып отырады.
2020 жылы мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік қызметтер көрсету туралы 104 түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылып, 672 тұрғын қамтылды.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын жақсартудың негізгі факторларының бірі - бұл мемлекеттік қызметтер стандарттарын тиісті деңгейде білетін білікті мамандар. 2020 жыл бойы «Мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша 92 маман оқытылды.
Балқаш қаласы тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында 2020 жылдың басынан бері «Электрондық қызметтерді үйден шықпай алу» тақырыбында 300 ақпараттық буклеттер таратылды. Тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша материалдар Балқаш қаласы әкімдігінің, мемлекеттік мекемелердің интернет-ресурстарында және жергілікті баспа БАҚ пен телеарналарда, LED экрандарда жарияланады.
Барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызметтерді электронды форматта көрсету және электронды түрде мемлекеттік қызмет алушылар санын көбейту үшін өзіне-өзі қызмет ету бұрыштары бар.
Төтенше жағдайға байланысты азаматтарға өзін-өзі қызмет ету бұрыштары қосымша жабдықталып, жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардағы 25 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы қалыпты режимде жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және электронды форматқа ауыстыру және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыс жалғасуда.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
2020 жылы қала әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 1158 өтініш келіп түсті. Қала әкімінің блогына - 29, Балқаш қаласы әкімдігінің сайтына - 59 өтініш берілді. Жеке қабылдауда мен және менің орынбасарларым 170 азаматты қабылдадық. Өтініштердің көпшілігі жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік көмек (жер, тұрғын үй, жылумен қамтамасыз ету, АӘК есептеу және басқа мәселелер) мәселелеріне қатысты. Келіп түскен өтініштердің жалпы санынан 377-сі қанағаттандырылды, 626 мәселе бойынша түсініктемелер берілді, 117-сінен бас тартылды, 38-і бақылауда.
Азаматтардан алынған барлық ақпарат қаланың өткір әлеуметтік және өзекті мәселелерін, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын анықтауға мүмкіндік береді. Қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, «кері байланыс» режимінде жұмыс істеу біз үшін маңызды. Бұл әлеуметтік тұрғын үймен, жер учаскелерімен қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар объектілерді салу және қайта құру, жолдарды жөндеу және абаттандыру туралы шешім қабылдау және т.б. бағыттағы бағдарламаларды тиімді құруға, түзетуге және іске асыруға ықпал етеді.
Биыл біз алдымызға Мемлекет басшысының үдемелі әлеуметтік-экономикалық даму туралы тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, балқаштықтардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамыту, жұмыспен қамту деңгейін арттыру, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйге қолжетімділігін жолға қою бойынша үлкен міндеттер қойдық.
2021 жылы біз «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 10-шы ықшамаудандағы 45 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысын және осы үйлердің аумағын абаттандыруды аяқтаймыз. Сондай-ақ, аз қамтылған көп балалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 42 жалдамалы пәтер сатып аламыз.
Самал шағынауданындағы тұрғын үй құрылысын дамыту үшін кезекте тұрғандарға кемінде 100 учаскелік жер учаскесін беруді жоспарлап отырмыз. Біз жұмысшылар кентінің үйлерін, 64 және 90 орамдарды орталық жылу желісіне қосуға мүмкіндік беретін «ЖЭО-дан Қоңырат шағын ауданына дейінгі №3 жылу желісінің құрылысы» секілді үлкен жобаны жүзеге асыруды аяқтаймыз.
Қомақты қаражат қаланың 7 көшесінің (7,9 км) жолдарын жөндеуге жұмсалады. Ағымдағы жөндеу 10,7 мың шаршы метр жолды қамтиды. Қаладағы Иванов (Ағайынды Мусидер көшесінен Спицын көшесіне дейін) - және Сәтпаев көшесі (Ленин көшесінен Спицын көшесіне дейін) көшелерінде жаңа автокөлік жолдарын салудың жобалары жүзеге асырылады.
Қаланы абаттандыру бойынша үлкен жоспарлар бар. 11 ауланы, Тәуелсіздік алаңын абаттандыру, 3 көшедегі жаяу жүргіншілер жолын жаңарту, ағаштар отырғызу жоспарлануда. Сондай-ақ, Центральная, Әлімжанов, Щербаков көшелеріндегі жарықтандыруды қалпына келтіреміз.
Саяқ елді мекенін үздіксіз және тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін Тоқырау-Саяқ су құбырының апаттық учаскелерін жөндеу жалғасуда. Осы жылы Қараменде би көшесі №2,4,6 және Ағыбай батыр көшесі №24 тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеу, Шашубай мөлтек ауданындағы ғимараттар мен Мәдениет сарайы бойындағы Молдағұлова, Байсейітова көшесі үйлерінің қасбеттерін сырлау көзделген.
Бізде әлі де көптеген мәселелер бар, оларды шешу үшін жұмыстар жүргізіле бермек. Биылға жылы да алдымызға азаматтарымыздың өмір сапасын жақсартуға, әлеуметтік тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған үлкен міндеттемелер қойдық. Оларды орындауға арналған нақты іс-шаралар жоспарлары жасалды және біздің тарапымыздан бірлескен күшейтілген жұмысты, келісім мен тұрақтылықты қажет етеді.