Балқаш қалалық мәслихатының VII шақырылымының депутаттарын кезекті сайлаудың қорытындылары туралы хабарлама

Балқаш қалалық мәслихатының VII шақырылымының депутаттарын кезекті сайлаудың  қорытындылары туралы хабарлама

 

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Балқаш қалалық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Қала бойынша сайлаушылар тізіміне 53 479 азамат енгізіліп, оның 33 031 немесе 69,2 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 33 031 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 160 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 434 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға төрт саяси партия қатысты.

Саяси партияларды сайлау кезінде келесідей дауыс саны берілді:

 Nur Otan» партиясы – 29 290 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 83,24 пайызын құрайды;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 2 752  дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 7,82 %;

Қазақстан Халық партиясы – 2 620 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,45 пайызы;

 ADAL» саяси партиясы - 524 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 1,49%.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың үлесі келесідей белгіленді:

 

«Nur Otan» партиясы  –          11  мандат;

«Ақ жол» ҚДП партиясы  -      1 мандат;

Қазақстан Халық партиясы -   1 мандат;

 

                                                        Балқаш қалалық  сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балқаш қалалық мәслихатының VII шақырылымының депутаттарын кезекті сайлаудың қорытындылары туралы хабарлама
Дата публикации
13 января 2021