Ақпараттық хабарлама

2026 жылғы 13 қазанда сағат 18:00-де Балқаш қаласының мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша Балқаш қаласының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отырыста Мемлекет басшысының 2026 жылғы 12 қазандағы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы белгілеген ағымдағы жылдың 29 қарашасында өтетін мәслихат депутаттарының сайлауына байланысты сайлау науқанын ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Балқаш қаласы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді. Сонымен қатар округтік сайлау комиссияларының жұмыс режимі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліссіз ұсынылды.
Бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес, 14 қазаннан бастап бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталды.
Кандидаттарды ұсыну 27 қазан сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Кандидаттарды тіркеу 1 қараша сағат 18:00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт кезеңі 1 қараша сағат 18:00-ден кейін басталып, 28 қараша сағат 00:00-де аяқталады.
Балқаш қаласы мәслихатында бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша 13 депутаттық мандат көзделген. Осыған байланысты Балқаш қаласының аумақтық сайлау комиссиясы 13 бірмандаттық аумақтық сайлау округін құрды.

Дата публикации
15 октября 2026