Коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының секторының бас маманы, (санаты E-R-4, №2-1-2) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Балқаш қаласы әкімінің аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 28.09.2026 - 29.09.2026

ЖҚБ нәтижелері бойынша ТОП-5 (рейтинг есебі сағат 23:00-ден кейін жүргізіледі) 30.09.2026

Практикалық бағалау: 01.10.2026

Анықтама телефоны: 8(71036) 43106

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693 тг.

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

Коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының секторының бас маманы, (санаты E-R-4, №2-1-2) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

 (Лауазым мәртебесі: бос)

Функционалдық міндеттері

Абаттандыру саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жұмыстардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Абаттандыру жұмыстарын ұйымдастырады. Нормативтік құжаттарда (ҚНжЕ) көзделген талаптарға Орындалатын жұмыстардың сапасын бақылауды қамтамасыз етеді. Мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады; жұмыстардың орындалу мерзімі мен сапасына бақылау жүргізеді. Өз құзыреті шегінде Комиссия отырыстарына, кеңестерге, іс-шараларға қатысады. Құқықтық, экономикалық және әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша сот органдарында бөлімнің мүдделерін білдіреді. Мемлекеттік мекеменің талап-арыз жұмыстарын жүргізеді; Балқаш қаласы мен іргелес кенттерді абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша мониторинг ұйымдастырады және жүргізеді; жетекшілік ететін мәселелер бойынша іскерлік хат-хабарларды, азаматтардың, заңды тұлғалардың өтініштерін және депутаттық сауалдарды уақтылы қарауға дербес жауапты болады. Елді мекендерде санитария, абаттандыру және көгалдандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді. Жерлеу орындарын күтіп-ұстауды және туысы жоқ адамдарды жерлеуді ұйымдастырады.Тиісті салада бөлімнің бұйрықтарын әзірлейді және бекітуге ұсынады. Еңбек қатынастары саласындағы заңнамаға сәйкес кадрлық жұмысты жүзеге асырады, "Е-қызмет" уақытылы толтырылуын және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. "Е-Otinish" АЖ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы және уақтылы қарайды. Лауазымдық өкілеттігі шегінде Бөлім басшысының жекелеген тапсырмаларын орындайды.

 

Жалпы біліктілік талаптары

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

  • "Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шарушылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" ММ коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының секторының бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
    жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
  • жұмыс өтілі талап етілмейді.

 

Білімге қойылатын талаптар

  • Жоғары білім
  • Орта кәсіби білім
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
  • Орта білімнен кейінгі білім
  • Орта техникалық білім
  • Кәсіби білім

 

Мамандық бойынша талап

·         Өндірістік және өңдеу салалары (код=6B072, түрі=Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)

·         Инженерия және инженерлік іс (код=6B071, түрі=Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)

·         Сәулет және құрылыс (код=6B073, түрі=Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5530276232

 

Дата публикации
24 сентября 2026