Балқаш қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25.09.2026 - 28.09.2026
ЖҚБ нәтижелері бойынша ТОП-5 (рейтинг есебі сағат 23:00-ден кейін жүргізіледі) 29.09.2026
Практикалық бағалау30.09.2026
Анықтама телефоны: 8(71036) 43106
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693 тг.
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының секторының бас маманы, (санаты E-R-4, №2-1-1) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
(Лауазым мәртебесі: бос)
Функционалдық міндеттері
Тиісті салада мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жұмыстардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Қалалық автомобиль жолдарын жобалауға, реконструкциялауға, күрделі және ағымдағы жөндеуге мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша Тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асырады. Қалалық автомобиль жолдарының жай-күйіне бақылау және мониторинг жүргізеді. Оларды жөндеу бойынша ұсыныстарды әзірлейді және қарауға енгізеді. Автомобиль жолдарын жөндеудің жыл сайынғы жоспарларын әзірлеуге қатысады. Автожол инфрақұрылымын тексеру жөніндегі жұмыс комиссияларын ұйымдастырады. Заң қызметтеріне ұсыныстар дайындайды, мердігерлік ұйымдарға, жобалау-іздестіру тобына, техникалық қадағалауға және орындалған жұмыстардың ақауларын жоюды орындайтын және шарттық міндеттемелерді орындамағаны немесе сапасыз орындағаны үшін басқа да ұйымдарға шағымдар қояды. Көше-жол желісін көктемгі-күзгі тексеруге қатысады. Автожолдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады. Өз құзыреті шегінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйін талдауға және болжамдарын, инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге қатысады. Іскерлік хат-хабарларды, азаматтардың, заңды тұлғалардың өтініштерін және жетекшілік ететін мәселелер бойынша депутаттық сауалдарды уақтылы қарауға дербес жауапты болады. Қалалық маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу үшін құжаттама дайындауды қамтамасыз етеді. Жолаушылар көлігінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды өткізуге қатысады. Өз құзыреті шегінде АҚ және ТЖ қызметтерімен Балқаш қаласының көлік қызметімен өзара іс-қимыл жасайды. Төтенше жағдайлар туындаған кезде тасымалдауды уақытша тоқтату туралы шешімдер қабылдауға қатысады. Жетекшілік ететін кәсіпорындарды дамытудың негізгі проблемаларын және оларды шешу бойынша ұсыныстар енгізуді анықтайды. Жолаушылар көлігінде, оның ішінде таксиде жол жүру тарифтерін қарау жөніндегі комиссияға қатысады. Өз құзыреті шегінде жолаушылар көлігі кәсіпорындарына жәрдем көрсетеді. Жолаушылар көлігі саласында туындаған мәселелер мен мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізеді. Тиісті салада бөлімнің бұйрықтарын әзірлейді және бекітуге ұсынады. ҚР заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жүзеге асырады. Тиісті салада бөлімнің бұйрықтарын әзірлейді және бекітуге ұсынады. Лауазымдық өкілеттігі шегінде Бөлім басшысының жекелеген тапсырмаларын орындайды.
Жалпы біліктілік талаптары
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:
Білімге қойылатын талаптар
Мамандық бойынша талап
· Өндірістік және өңдеу салалары (код=6B072, түрі=Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)
· Көлік қызметтері (код=В095, түрі=Қызметтер)
· Инженерия және инженерлік іс (код=6B071, түрі=Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)
· Сәулет және құрылыс (код=6B073, түрі=Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5527789827