Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Балқаш қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 02 сәуірдегі №15/04 қаулысымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған қалалық ісшаралар жоспарына сәйкес Балқаш қаласында мемлекеттік тіл саясатының орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Балқаш қаласында мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі индикатор бойынша– 89%-ды құрайды.
Қаламызда 2010 жылы «Тілдер орталығы» КММ ашылған, мемлекеттік және ағылшын тілдерін үйрену үшін (15 орынды және 17 орынды) 2 мультимедиялық кабинет жабдықталған. Оқыту курстары тегін жүргізіледі.
2020 жылы мемлекеттік тілді танымал етуге бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың үлесін арттыру бағытталған жобаға 2000,0 мың теңге бөлініп, Қоңырат шағынауданында тұрғындарына арналған қазақ, ағылшын тілдері мен жаңа латын әліпбиін оқыту кабинетін ашу мақсатында конкурстық мемлекеттік сатып алудың әлеуметтік тапсырыс тәсілі арқылы конкурстық процедуралар жүргізіліп, Саран қаласының «TIL.KZ» ЖМ ұтып алды. 10 орынға жабдықталған кабинетті ашу 2020 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.
Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 2019 жылы мемлекеттік тіл курсын 248 адам, 2020 жылы жалпы 245 адам оқытылды.
Биылғы жылы наурыз айынан бастап төтенше жағдайға байланысты тыңдаушылар онлайн форматта қашықтықтан оқыту әдісімен оқытылды.
«Тілдер орталығы» КММ-нде 2014 жылдан бастап қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінен құрылған «Маржан сөз» клубы жұмыс істейді. Клуб мүшелерінің саны 42 адам.
Клуб мүшелері тіл саясатына қатысты барлық қалалық іс-шараларға белсене қатысады.
Балқаш қаласында үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын тілдерін) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі – 18%-ды, орыс тілін - 99%-ды, ағылшын тілін – 24,2%-ды құрайды.
«Тілдер орталығы» КММ-нде 2019 жылы ағылшын тілі курсын 175 адам, 2020 жылы 175 адам оқытылды.
2017 жылдан бастап үш тілді жетік меңгерген жастардан құралған «English time» клубы жұмыс жасайды. Клуб мүшелерінің саны 34 адам.
Жалпы қаламызда іс-шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылы 12000-ға жуық адам қамтылған мемлекеттік тілді дамыту мақсатында 32, үш тілділікті дамыту мақсатында 30 іс-шара ұйымдастырылған (барлығы - 60 іс-шара) (2019 жылы 7000 адам қамтылған 55 іс-шара ұйымдастырылды) .
Тіл саясатын насихаттау бағытында 2020 жылы оқушылар және қала жастары арысында дәстүрлі қалалық «Абай оқулары» байқауы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Біз Абайдың ұрпағымыз» атты қалалық онлайн-мүшәйрасы, «Абай жолы-мәңгілік мұра» атты эссе жазу байқауы, өзге ұлт өкілдері арасында дәстүрлі «Абай оқулары» онлайн-байқауы, Абай Құнанбайұлының «Толық адам» концепциясы аясында онлайн-дөңгелек үстел, 13-21 жас аралығындағы оқушылар мен жастар арасында «Шешендік өнер» онлайн-байқауы, ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығы аясында қала жастары арасында «Ұлы даланың-ұлы тұлғасы» атты онлайн-викторина өтті.
Қазақстан халқы тілдері күні аясында мектеп оқушылары арасында мәнерлеп оқудан «Үш тұғырлы тіл», қала жастары арасында «Тіл білгірі» онлайн тест байқауы өтті, «Ересектерге ағылшын тілін оқытудың әдістемесін жетілдіру мәселелері» атты облыстық онлайн вебинар өтті. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында «Тіл дарын» қалалық онлайн байқауы, мектеп оқушылары арасында үш тілде дәстүрлі «Абай оқулары» байқауы өтті.
Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін насихаттау мақсатында бекітілген перспективалық жоспарға сәйкес іс-шаралар тұрақты түрде өтеді.
«Тілдер орталығы» КММ-нің 10 жылдығы аясында ағымдағы жылдың ақпан айында 70 адамды қамтумен «Латын әліпбиі-қазақ тілінің жаңа көкжиектері» атты облыстық конференция өткізілді. Қазақстан халқы тілдері күні аясында 40-тан астам адам қамтылған «Латынға көшу-ұлттық мүддені қорғау» атты республикалық онлайн вебинар ұйымдастырылды.
Латын графикасын қала тұрғындарына насихаттау мақсатында «LatynBalqash» Instagram парақшасы ашылды.
Жалпы 2019 жылы жаңа қазақ әліпбиін насихаттау мақсатында 28 шара ұйымдастырылып 1360 қамтылса, 2020 жылы 35 шара ұйымдастырылып 2300 адам қамтылды.
Тіл саясаты бойынша сұрақтар Балқаш қаласы әкімдігінің отырыстарында 2019 жылы 2 рет қарастырылса, 2020 жылы 1 рет әкімнің қатысуымен өткен жедел кеңесте қаралды.
Құжат айналымы бойынша тоқсан сайын кіріс-шығыс құжаттарының мониторингісі жасалынады. Балқаш қаласы әкімі аппараты және әкімдіктің құрылымдық бөлімдеріндегі 2020 жылдың қорытындысы бойынша шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлесі 2020 жылы -98%-ды, 2019 жылы- 94,62%-ды құрады.
«Мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу және оның пайдаланылу аясын кеңейту» бағытын жүзеге асыру мақсатында қала бойынша 3 газет, 1 журнал шығарылады, 2 телеарна жұмыс істейді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау жұмысы белсенді жүргізілуде: «Балқаш өңірі» және «Северное Прибалхашье» газеттерінде 2019 жылды 99 баспаматериал, 2020 жылы 105 баспаматериал жарияланды. Телеарналарда 2019 жылы 34 бейнематериал көрсетілсе, 2020 жылы 35 бейнематерал ұсынылды.
Қала тұрғындарына үш тілді үйрету мақсатында 2020 жылы жергілікті «Северное Прибалхашье» газетінде «Читаем, изучаем» айдарымен орыс тілі - қазақ тілі: 24 сөздік және «Балқаш өңірі» газетінде «Оқиық, үйренейік» айдарымен ағылшын тілі - қазақ тілі: 24 сөздік жарияланды.
Сонымен қатар тіл тақырыбында өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар жергілікті БАҚ-та кеңінен жарияланып отырады.
Балқаш қаласы және оған қарасты кенттерде 128 құрылымдық бөліктің ішінде идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелер бар, олардың саны – 4 (4%), атаулары орысша көшелер саны – 35 (27,3%), қайталанатын көшелер саны – 2 (1,6%).
Осыған орай, Балқаш қаласының ономастикалық жұмыс тобымен Балқаш қаласы мен оған қарасты кенттердің маңайындағы жер-судың тарихи атаулары зерттеліп, қала көшелеріне және атауы жоқ скверге беру жөнінде ұсыныс берілді.
Аталмыш сұрақ 2019 жылғы 18 желтоқсанда Балқаш қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауларында, 25 желтоқсанда Балқаш қалалық мәслихатының сессиясында қаралды. Қазіргі таңда материалдар республикалық ономастикалық комиссияның қарауынан өтіп, Әділет Басқармасында тіркеуге жолданған.
Өңірдегі деректемелер мен көрнекі ақпараттың сауаттылығын қадағалау, тілін реттеу, жүйелеу, олардың заңнама талаптарына сай ресімделуін қамтамасыз ету мақсатында қаламызда тоқсан сайын «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық!» атты айлықтар жарияланады.
2020 жылы барлығы 600-жуық нысан қамтылып, 40 заңбұзушылық анықталып, барлығы түзетілді.
Заңбұзушылықтар жіберген барлық нысан иелеріне 2 тілде ұсынымхаттар («Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Жарнама туралы» Заңдарының және «Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің үзіндісі) таратылды.
Рейд барысы жергілікті БАҚ-тарға және әлеуметтік желі парақшаларында кеңінен жарықтандырылады.
Сонымен қатар қаламызда сыртқы жарнама мен көрнекі ақпараттарды мемлекеттік тілге сауатты аударуға тегін түрде көмек көрсететін «Жедел желі» («Callcenter») қызметі жұмыс істейді.
Балқаш қаласында тіл саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстар болашақта да өз жалғасын табады.
«Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Ж.Балапанова