мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы (санаты E-3, №6-1) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Балқаш қаласы әкімінің аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25.08.2026 – 26.08.2026

ЖҚБ нәтижелері бойынша ТОП-5 (рейтинг есебі сағат 23:00-ден кейін жүргізіледі: 27.08.2026

Эссе: 28.08.2026

Сұхбат: 02.09.2026

Анықтама телефоны: 8(71036) 43106

E-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 327923

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы (санаты E-3, №6-1)

(Лауазым мәртебесі: бос)

Функционалдық міндеттері:

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қаланың атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсету, электрондық қызметтерді қалыптастыру және дамыту мәселелері бойынша жұмысты бақылайды. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруды, қолжетімділігін, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушылардың қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытылы көрсетілуі бойынша жұмыс жүргізеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпаратты ұсынуды, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді. Қала әкімдігі веб-сайтының, қала әкімі блогының жұмыс істеуін бақылайды. Ақпараттың тұрақты жаңартылуын бақылайды, ақпараттың орналастырылуын, жаңалықтардың тұрақты жаңартылуын қамтамасыз етеді. Әкім аппаратында ААЖ тұрақты қызмет ету мәселелерін үйлестіреді. Компьютерлік сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді. Қала әкімі аппаратында ақпараттық қауіпсіздік саясатының іске асырылуын бақылайды. Қала әкімі аппаратында бірыңғай көлік ортасының, жергілікті желі мен компьютерлік парктің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуді бақылайды. Әкім аппаратының есептеуіш техниканың қажетті аппараттық құралдарымен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлейді. Бейнеаппаратураның дұрыс пайдаланылуын бақылайды, оның сақталуын, жабдықтың уақтылы алдын алуды қамтамасыз етеді. Ақпараттық технологияларды қолдану, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша әкім аппараты қызметінің тиімділік көрсеткіштерін жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлейді. ХҚКО қалалық филиалымен Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды. «Электронды құжатайналымы», «Е-Қызмет», «Е-өтініш» ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасау.

 

Жалпы біліктілік талаптары

"Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы, Е-3 (лауазым мәртебесі: бос)
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

  • 1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес

 

Білімге қойылатын талаптар

  • Жоғары білім
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандық бойынша талап

  • Автоматтандыру және басқару (код=5В070200, түрі=Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу (код=5В070500, түрі=Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар)
  • Құқық (код=В049, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
  • Стандарттау жəне сертификаттау (сала бойынша) (код=5В073200, түрі=Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)
  • Информатика мұғалімдерін даярлау (код=В011, түрі=Педагогикалық ғылымдар)
  • кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі (код=В043, түрі=Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат)
  • Менеджмент және басқару (код=В044, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
  • Еңбек дағдылары (код=В048, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
  • Ақпараттық технологиялар (код=В057, түрі=Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар)
  • коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар (код=В059, түрі=Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар)
  • Ақпараттық қауіпсіздік (код=В058, түрі=Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар)
  • Ұлттық қауіпсіздік (код=6B122, түрі=Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс)

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5479153147

Дата публикации
21 августа 2026