«Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ терроризмге қарсы комиссия бойынша әкімнің бас инспекторы (санаты E-3, №1-5) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Балқаш қаласы әкімінің аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 04.08.2026 – 05.08.2026

ЖҚБ нәтижелері бойынша ТОП-5 (рейтинг есебі сағат 23:00-ден кейін жүргізіледі: 06.08.2026

Практикалық бағалау: 07.08.2026

Анықтама телефоны: 8(71036) 43106

E-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 282693

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

«Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ терроризмге қарсы комиссия бойынша әкімнің бас инспекторы (санаты E-3, №1-5)  

 (Лауазым мәртебесі: бос)

Функционалдық міндеттері:

Терроризмге қарсы комиссияның қызметін қамтамасыз етеді. Терроризм салдарларын жою бойынша мемлекеттік саясатты жетілдіру саласында жұмыс жүргізеді. Терроризмнің алдын алу саласындағы жағдайдың дамуына ықпал ететін қаладағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өзге де үдерістер туралы ақпаратты талдайды. Терроризмнің алдын алу, жою бойынша жұмыстарды жүргізеді және оның орындалуын бақылайды. Қауіп-қатер, терроризм актісі, халықты және аумақтарды қорғау туындаған жағдайда мекемелердің жұмыс істеуіне бағытталған бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етеді. Терроризмге қарсы іс-шараларды іске асыру процесінде мемлекеттік органдар қызметкерлерінің өз қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ынтымақтастықты жүзеге асырады. Терроризм актілерінің жолын кесу, олардың зардаптарын жою жөніндегі терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығулар мен жаттығуларды дайындауды, өткізеді және үйлестіреді. Терроризмге қарсы комиссиялардың тиісті жылға арналған жоспарларын дайындайды және келіседі. Өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіру және жетілдіру үшін қажетті шешімдер қабылдайды. Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу үшін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдардың өкілдерін (келісім бойынша) тартады. Мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді. Құпия құжаттардың орындалуын және сапасын бақылауды жүзеге асырады. «Электронды құжатайналымы», «Е-Қызмет», «Е-өтініш» ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасау.

Жалпы біліктілік талаптары

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес

Білімге қойылатын талаптар

  • Жоғары білім
  • Орта кәсіби білім
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
  • Орта білімнен кейінгі білім
  • Кәсіби білім

Мамандық бойынша талап

  • Математикалық және компьютерлік модельдеу (код=5В070500, түрі=Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар)
  • Құқық (код=В049, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
  • Информационные технологии (код=В057, түрі=Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар)
  • Коммуникации и коммуникационные технологии (код=В059, түрі=Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар)
  • Информационная безопасность (код=В058, түрі=Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар)
  • Әскери іс (код=6B121, түрі=Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс)
  • Ұлттық қауіпсіздік (код=6B122, түрі=Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс)
  • Қоғамдық қауіпсіздік (код=6B123, түрі=Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс)

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5462200121

 

Дата публикации
03 августа 2026