Балқаш қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.07.2026 – 20.07.2026
ЖҚБ нәтижелері бойынша ТОП-5 (рейтинг есебі сағат 23:00-ден кейін жүргізіледі: 21.07.2026
Практикалық бағалау: 22.07.2026
Анықтама телефоны: 8(71036) 43106
E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Гүлшат кенті әкім аппараты» ММ бас маманы, (санаты E-G-3, №1-2)
(Лауазым мәртебесі: бос)
Функционалдық міндеттері:
Кенттің әлеуметтік-экономикалық паспортын жасау. Жергілікті қоғамдастықпен келісе отырып, кентті дамыту бағдарламасын жасау. "Гүлшат кенті әкімінің аппараты" ММ Қоғамдық келісім кеңесімен жұмыс жүргізеді. Кентті санитарлық тазарту, көгалдандыру, жарықтандыру және абаттандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, шаруашылық, коммуналдық мәселелерді шешу. Шаруашылық кітаптарды, әскери-есеп үстелінің жұмысын жүргізу. Халықтың қауіпсіздігін, қоршаған ортаны және шаруашылық объектілерін авариядан, апаттардан, дүлей зілзалалардан қорғауды қамтамасыз ету. Кенттің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ кентте автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау. Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу. Әкімдіктің, клубтың және кенттің көше жарығы бойынша ай сайынғы көрсеткіштерді уақытылы беру. Су ресурстарын пайдалану суларын бастапқы есепке алу есептерін тоқсан сайын тапсыру. ТЖ бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және орындау. Уәкілетті органның келісімі бойынша кент аумағында ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарларын әзірлеу. Ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, елді мекен жерлерінде жануарларды шығару орнын анықтау, жалпы кенттік іс-шараларға қатысу. Тұрғын үй қорының құрылысы мен жөндеуін ұйымдастырады. Жолдарды пайдалану мен күтіп ұстауды ұйымдастырады. Өз құзыреті шегінде заңнамалық және заңға тәуелді актілерді, нұсқаулық құжаттарды білу. Өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады. Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдеседі. Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады. Өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді. Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Кент әкімі қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді дайындап, рәсімдеу. Жоғары органдардан түскен нормативтік-құқықтық актілердің орындалысын бақылау, оларға жіберілетін ақпар, мәліметтерді дайындау. Қала, облыс әкімдігінен, мекемелер мен ұйымдардан келіп түскен өкім, шешім, хаттар, нұсқаулардың мерзімінде орындалуын қадағалап, тиісті жауабын беруді бақылау. Іс номенклатуралары бойынша іс жүргізу жұмысын жүргізу, мұрағатқа тапсыруға әзірлеу, тапсыру. «Электронды құжатайналымы», «Е-Қызмет», «Е-өтініш» ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасау.
Жалпы біліктілік талаптары
"Гүлшат кенті әкім аппараты " бас маманы, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Білімге қойылатын талаптар
Мамандық бойынша талап
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5446526224