"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, Аудандар мен қалаларда дауыс берудi өткiзу және дауыс санау үшiн тиiстi әкiмдердiң аумақтық сайлау комиссияларымен келiсiлген шешiмдерiмен сайлау учаскелерi құрылады. Сайлау учаскелерi сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында, жергiлiктi және өзге жағдаяттар ескерiле отырып, құрылады
Жоба нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Жоба жергілікті бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды қарастырмайды.