Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ішкі саясаты

Жастар саясаты

 

Балқаш қаласында 16277 жас буын өкілі тұрады. Жастар үшін ақпараттық-әдістемелік, кеңес беруші және жастарға қолдау көрсететін Жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Орталықта еріктілер штабы, «Жаңғыру жолы» орталығы, жас заңгерлер клубы, бейнемонтаж жасау, кітап пен кино талқылау, ұлттық ойындар клубы, логикалық жеделдікті дамыту, көшбасшылық қабілетті қалыптастыру, киберспорт және музыка клубтары бар.

Жастар жылы аясында Балқаш қаласында жалпы саны 160 шара ұйымдастырылып, ол жас балқаштықтарға жайлы жағдай жасап, қажетті білім алуға, азаматтық және патриоттық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Нақтырақ айтар болсақ, осының барлығына 27500 адам  жұмылдырылды.

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 2019 жылы 90 адам жұмысқа орналасып, аталған бағдарламаға қатысушылардың еңбекақысы 51600 теңгені құрады (жергілікті бюджеттен). 2020 жылы қатысушылардың саны 135 адамға көбейеді деп күтілуде.

Жастар арасындағы кәсіпкерлік қабілетті дамытуға «Жастар кәсіпкерлігін қолдау мен дамытуға арналған қала әкімінің гранты» жобасы қолға алынып, соның аясындағы қаржы Балқаш қаласы, Саяқ және Гүлшат кенттеріндегі жаңа бастамалар мен шағын бизнесті бастауға жұмсалды. 2019 жылы гранттың жалпы қоры 7 млн. теңгені құрады, 2018 жылы бұл 3 млн. теңге болған. Конкурс комияссияларының шығарған нәтижесі бойынша, 8 адам грант иегері атанды. Олардың 3-еуі – өзін өзі жұмыспен қамтушы, 1 адам – жұмыссыз, 1 адам – І топ мүгедегі, тағы 3 адам – жұмыс жасаушылар. 2020 жылы бұл гранттың жалпы сомасы 10 млн. теңгені құрамақ.

«Балқаш қаласының кәсіпкерлер және өнеркәсіпшілер одағы» қоғамдық бірлестігімен және «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің қолдауымен 5 млн. теңге сомасында грант бөлінді. 5 жас адам «Автокешен ашу» жобасын қолға алды. Жазғы маусымда бизнес жүргізуге ниетті 45 жасқа тегін орындар үлестірілді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастар кәсіпкерлігін дамытуға республикалық бюджеттен құны 15,1 млн. теңге болатын 30 мемлекеттік грант бөлінді.

Жастардың денсаулығына жіті көңіл бөлу, олардың салауатты өмір салтын ұстануын қадағалау – қаладағы жастар саясатының басты бағытының бірі. Шаһардағы білім мекемелерінде 170-тен аса спорт үйірмесі бар. Спортқа қызығушылық танытып, онымен тұрақты шұғылданатын 11000 адам бар (60%). 2018 жылдың наурыз айынан бастап №1 емхана жанынан ашылған «Ғибрат» жастар денсаулығы  орталығының жұмысы жүйелі жолға қойылған. Аталған орталықта жастар өздеріне қажетті кеңестер алады. 2019 жылы орталыққа 255 адам жүгінген екен.

Жастар саясатының ажырамас тағы бір бөлігі – ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету. Сол себептен де қалада «Достар» журналы жарық көреді. Сондай-ақ, ақпаратпен қамтамасыз етудің жаңа түрі әлеуметтік желілерде – «Вконтакте» (5000 жазылушы), «Инстаграм» (8240 жазылушы), «Фейсбук» (5000 жазылушы) тіркелген.

Қала жастарын шығармашылыққа тартып, біліктілік пен білімдарлыққа баулитын қала әкімінің 10 номинациядан тұратын «Өркен» жастар сыйлығы беріледі. Өткен жылдары сыйлық құны 70 мың болса, 2019 жылы ол 100 мың теңгеге дейін өсті.

2020 жыл – Еріктілер жылы деп жариялануына байланысты, қаладағы Сабитова ықшам ауданы, 24 үйде «Жас орда» еріктілер орталығы ашылды.

 

Ішкі саясат

 

Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға айрықша көңіл бөлінуде. 2019 жылы Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі ережелерді түсіндіру бойынша, «Рухани жаңғыру» мақаласы және басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін халыққа жариялау мақсатында газет беттерінде 500-ден астам мақала жарыққа шықты және телеарналардан 1000-нан аса сюжет көрсетілді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын түсіндіру мақсатында 2019 жылы АНТ мүшелері 10400 тарта адам қатысқан 105 кездесу өткізді.

2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жалпы сомасы 125,3 млн. теңге болатын 12 жоба іске асырылды, оның ішінде «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдауға бағытталған 4 ұзақмерзімді жоба, сондай-ақ «Туған жер» базалық жоба аясында 2 жоба іске асырылды. Атап айтсақ, «Сары Қазына» ЖШС жалпы көлемі 253 шаршы метр болатын, күрделі жөндеуден өткен Ленин көшесінде орналасқан 78 үйді «Үлкен Жүрек» АҚ-ға тарту етті және сомасы 9,4 млн. теңгеге ерекше қажеттілікті талап ететін балаларға арналған арнайы құрал-жабдықтармен қамтылған спорттық алаң орнатты.

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша «Рухани жаңғыру» әнін жазу» жобасы іске асырылды. Сөзі мен әні жергілікті сазгер Қ.М.Сәденовтікі, орыс тілінде аудармасын жасаған П.Е.Кушниров. «Рухани жаңғыру» әнінің презентациясы «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының екі жылдығын мерекелеу барысында жасалды.

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша демеушілік қаражат есебінен жалпы сомасы 4 млн. 700 мың теңгеге 5 жоба іске асырылуда: «Абай – руханияттың алтын қазығы», «Ұлан» әскери-патриоттық қозғалысы, «SPORT PROJECT «Aguatica» (Акватика)», «Күләш Байсейітова өнерінің рухани сабақтастығы», «Стоп-кадр» РТ-студиясы білім бағдарламасы». Барлығы 74 іс-шара өткізіліп, 6520 мектеп оқушысы мен мектепке дейінгі білім беретін мекемелердің 340 тәрбиеленушісі қамтылды.

Екі саяси партиямен, 12 кәсіподақ ұйымымен, 4 этномәдени орталықпен, 67 үкіметтік емес ұйыммен және 14 діни бірлестікпен өзара тығыз қарым-қатынас жүзеге асырылуда және олардың мәселелерін шешуде көмек көрсетілуде.

Қоғам мен мемлекеттік билік арасындағы қарым-қатынасты орнату мақсатында 2019 жылы 8 Қоғамдық кеңестің отырысы және Кеңес мүшелері 10 рет азаматтарды қабылдау өткізді. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты орнатудың басты формасының бірі – мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру. 2019 жылы қаламызда осындай 21 жобаны іске асыруға бағытталған қаржыландырудың жалпы сомасы – 84 540 мың теңге (2018 жылы 92,5 млн. теңгеге 21 жоба іске асырылды). Осының нәтижесінде, біз ардагерлерімізді, мүмкіндігі шектеулі жандарды, өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарға қолдау көрсетуге мүмкіндік алдық.

Жергілікті атқарушы биліктің тағы бір маңызды міндеті – діни ұйымдармен диалог орнату. Діни эсктремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу. Қаламызда радикалды діни идеологияны насихаттауға жол бермеу мақсатында жұмыс жүргізетін ақпараттық-түсіндіру тобы қызмет жасайды. Топ 2019 жылы түрлі санаттағы тұрғындармен 179 кездесу өткізді. Бұл үшін мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында 10 млн. теңге бөлінді.

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жұмысты жандандыру мақсатында әкімнің 2019 жылғы 5 тамыздағы №58-ө өкімімен интернетте жарияланған әлеуметтік-экономикалық тақырыптағы сыни материалдарға ден қою жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Аталған топ құрамында – 14 адам. Осы уақыт ішінде қала тұрғындары тарапынан 482 сыни материал жарияланып, оның 408-і бойынша тиісті шаралар атқарылды.

 



Документы
Новости
Полезные материалы
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін алдын ала бағалау есебі
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы