GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Все материалы
04 июня 2026
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
20 мая 2026
Балқаш қаласы әкімінің Саяқ кентінің тұрғындарымен кездесуі
02 апреля 2026
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бүгін кентімізде «Таза бейсенбілік» өтті.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бүгін кентімізде «Таза бейсенбілік» өтті.

Аталған іс-шара барысында аумақты санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп, тұрмыстық қалдықтар жиналды, қоғамдық орындар ретке келтіріліп, көшелер мен іргелес аумақтар тазартылды. Акцияға мекеме қызметкерлері, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ кентіміздің белсенді тұрғындары қатысты.

Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, кентіміздің экологиялық жағдайын жақсартуға қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз. Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана кентімізді таза, көрікті әрі жайлы ете аламыз.

Барша тұрғындарды тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және осындай игі шараларға белсене қатысуға шақырамыз.

 

10 февраля 2026
Қазақстан Республикасының Конституциясының жана жобасын түсіндіру бойынша кездесу

10 ақпанда Саяқ кенті тұрғындарымен Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді.

Әр азамат алдағы өзгерістердің маңызын түсініп, елдің болашағына қатысуды сезінуі маңызды

15 декабря 2025
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті  Саяқ кентінің тұрғындары! Сіздерді еліміз үшін айырықша мәні бар - 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік- ата бабамыздың сан ғасырлық арман-тілегінің орындалуы, ел бірлігі мен тұтастығының бейбіт өмір мен жарқын болашақтың берік тұғыры. Осы жылдар ішінде мемлекетіміз қалыптасып, экономикамыз нығайып, мәдениетіміз бен руғани құндылықтарымыз жаңғыра түсті. Бүгінгі жетістіктеріміз - ел үшін аянбай еңбек етіп жүрген әрбір азаматтың мандай терінің нәтижесі. Саяқ кентінің өсіп-өркендеуі тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын! Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, денсаулық пен табыс тілеймін! Еліміз тыныш, көк байрағымыз әрдайым  биікте желбірей берсін.

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

 Ізгі тілекпен. Саяқ кенті әкімі Кудайберлин Н.Б. 

 

 

05 августа 2025
Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағының басталуына тура бір ай қалды

2025 жылғы 1 тамызда Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Бұл ауқымды статистикалық шаруа респбуликаның барлық өңірін қамтып, ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы өзекті деректердің маңызды көзіне айналады.

Санақ екі кезеңде өтеді және 2025 жылдың 20 қазанына дейін жалғасады:

Онлайн кезең-1-31 тамыз авралығында: өсімдік және мал шаруашылығымен? балық өсірумен айналысатын заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары, сондай -ақ үй шаруашылығымен, балық өсірумен айналысатын заңды тұлғалар, жәке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ үй шаруашылықтары қатысу тиіс, Сауалнама Sanaq.gov.kz. сайтында өтеді.

Офлайн кезең-20 қыркүйек-20 қазан аралығында; интервьюерлер онлайн-сауалнамадан өтіп үлгермеген, бау-бақшасы бар немесе мал ұстайтын үйлерді аралайды. 

Аграрлық саланың барлық қатысушыларын санақтап өту, ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосуға шақырамыз 

03 июня 2025
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні

Осы мереке күні Сізге бақ-береке, бақыт, бейбітшілік пен игілік тілейміз! Отанымыз - Қазақстан Республикасы гүлдене берсін, еліміздің Мемлекеттік Туы биік көтерілсін! Біз еліміз Жаңа Қазақстанды құру жолында жаңа жеңістерге жететініне сенімдіміз!

06 мая 2025
Отан қорғаушы күні

Құрметті, ер азаматтар, бейбіт өміріміздің сақшылары! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, қажымас қайрат, мықты ерік-жігер, таусылмас бақыт тілейміз! Отбасыларыңыздың қорғаны, ата-аналарыңыздың үмітін ақтар азамат болуларыңызға тілектеспіз!

06 мая 2025
Құрметті Саяқ кентінің тұрғындары!
03 апреля 2025
«Таза Қазақстан»: Қарағанды облысы қыстан кейін ретке келтірілуде

Қарағанды облысында абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша екі айлық жарияланды. Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев барлық тұрғындарды аулалары мен көшелерін тазарту үшін осы жұмысқа қатысуға шақырды. Қыстан кейін көшелерді тазалаумен айналысу керек. Аймақтарды абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша екі айлық жариялаймын. Қалалар мен аудандардың барлық әкімдері өз елді мекендерін тазалау және тазалау бойынша іс-шаралар ұйымдастыруы тиіс. Бұл жұмысқа тұрғындарды, еріктілер мен бизнес өкілдерін тартыңыздар - әркім өз аумақтарында тазалықты сақтауға үлес қосуы тиіс, деді Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте. Ол Таза Қазақстан экологиялық акциясы жалғасатынын және бұл жұмысты күшейту қажеттілігін атап өтті. Облыс әкімі қалалар мен аудандарды аралап, жергілікті жерлерде тәртіп қалай орнатылып жатканын жеке өзі тексеретін болады.  

 

 

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы