«Балқаш қаласы Гүлшат кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және оларды халыққа уақтылы көрсету мақсатында мекеме азаматтардың өтініштерін қабылдауды, қажетті құжаттарды қарауды және тиісті мемлекеттік қызметтерді заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетуді жүзеге асырады.
2025 жылы «Балқаш қаласы Гүлшат кенті әкімінің аппараты» ММ тарапынан келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
2025 жылдың өткен кезеңінде «Балқаш қаласы Гүлшат кенті әкімінің аппараты» ММ-не жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша азаматтардан және заңды тұлғалардан өтініштер келіп түскен жоқ.
Өтініштердің болмауына байланысты есепті кезеңде жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді іс жүзінде көрсету жүзеге асырылған жоқ.
2025 жылы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен оларды көрсету тәртібіне қатысты шағымдар мен ескертулер түскен жоқ.
Осылайша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Балқаш қаласы Гүлшат кенті әкімінің аппараты» ММ-де жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтерді алу бойынша өтініштер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты шағымдар тіркелген жоқ.