Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес "сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг" деп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі түсініледі".

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес "сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг" деп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі түсініледі". 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: "Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің аппараты"ММ қызметі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің негізгі міндеті "Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің аппараты" ММ-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметін зерделеу және бағалау болып табылады. "Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бюджетті жоспарлауды, қалыптастыруды және пайдалануды, шаруашылық қызметті ұйымдастыруды, көлікті, байланысты және жерді, табиғи ресурстарды пайдалануды, заңдылықты, құқықтарды, тәртіпті қамтамасыз етуді, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды және басқаларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Дата публикации
05 августа 2020