«Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықтама
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің 2022 жылғы 3 маусымдағы №36/1 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» өкіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын басшылыққа ала отырып, 2022 жылғы 6 маусымға дейін кезеңде келесі жұмыс тобы құрамында:
В.В.Храпов - аудан әкімі аппаратының басшысы (жұмыс тобының төрағасы);
Е.А.Кабиева - мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы (жұмыс тобының хатшысы);
К.М.Игибаева - ұйымдық және кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы (жұмыс тобының мүшесі);
С.А.Садыков - қаржы және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы (жұмыс тобының мүшесі).
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі «Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметі болып табылады.
Аудан әкімі аппаратының ережесі зерделенді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дикрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №70-ө өкімімен 2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары бекітілді.
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің аппараты» ММ ағымдағы жылдың бес ай ішінде мемлекеттік сатып алулар өткізілді:
1.Ашық конкурс тәсілімен -73;
2.Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен -60;
3.Бір дереккөзден алу тәсілімен-21;
4.Электрондық дүкен-2.
Барлық мемлекеттік сатып алулар электрондық тәсілмен өткізілді.
«Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің аппараты» ММ азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен мемлекеттік қызметтің сегіз түрі көрсетіледі:
1.Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
2.Неке қиюды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
4.Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
5.Өлімді тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
6.Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
7.Азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою;
8.Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 6 маусымға дейін АХАТ бөлімімен 10280 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 5709 қызмет немесе 55/59%, «Электрондық үкімет» порталы арқылы -4571 немесе 44,5% көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша өтініштерді қарау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
«Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің аппараты» ММ абаттандыру және жедел басқару бөлімімен 1 «Жасыл желектерді кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі. 2022 жылғы 6 маусымға дейін азаматтар мемлекеттік қызметтерді алуға өтініш білдірген жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша өтініштерді қарау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Әлеуметтік сала бөлімімен 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
2022 жылғы 1 наурыз бен 6 маусым аралығында әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру бойынша Мемлекеттік қызметтерді алуға 266 өтінім келіп түсті, оның ішінде 266-сы өңделді, азаматтарды әскери қызметке шақырудан босатуды ұсыну бойынша 26 өтінім түсті, оның ішінде 26-сы өңделді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша өтініштерді қарау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
Аудан әкімінің аппараты бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырмайды.
Аудан әкімі аппаратының «Б» корпусының бос немесе уақытша бос әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу өкілеттігі жоқ.
Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыруды және өткізуді «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ бірыңғай кадр қызметі жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметшілердің штат саны- 34 адам, нақты саны-32 адам (2 бос жұмыс орны).
Лауазымды тұлғалар үшін қолданыстағы заңнамамен белгіленген (оның ішінде коммерциялық ұйымдардың сенімгерлік басқаруына және т.б.) қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдардың, сондай-ақ басшымен жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестестігініңғ кадрлардың ауысу себептерінің, қызметкерлердің жұмыстан босатылуының (лауазымын төмендетудің) бұзушылықтары анықталған жоқ.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 6 маусымға дейін «Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің аппараты» ММ-не 3464 өтініш және хат, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардан 421 өтініш, сондай-ақ 3043 іскерлік хат-хабар келіп түсті.
Жалпы, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері азаматтардың өтініштерін заңда белгіленген мерзімде қарады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Аудан әкімі аппаратының басшысы
(жұмыс тобының төрағасы) В.Храпов
Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы
(жұмыс тобының хатшысы) А.Кабиева
Жұмыс тобының мүшелері
Ұйымдық және кадрлық жұмыс
бөлімінің басшысы М.Игибаева
Қаржы және бюджеттік жоспарлау
бөлімінің бас маманы А.Садыков